Палуандар бәсекесі

Қазақ күресінен құнар алған, боз кілемде аяғынан нық тұрып, иығын тең ұстайтын Алаш баласы күрестің кез келген түріне жылдам сіңісіп кетіп жатады. Біздің ауданымызда да қазақ күресі мен дзюдо күресі қарқынды түрде дамып келеді. Күрес үйірмесіне қатысып жүрген жас балалар саны көбеюде.

Алдыңғы буын ағалардың жоғары жетістіктері де жастарға үлгі болуда. Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ақсу аудандық филиалында жаттығып жүрген дарынды жастарымыз Сидней олимпиадасында күміс медаль алған Асхат ағаларына ұқсағылары келетіні сөссіз.
Тәуелсіздік күні мен Президент күніне орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 2006 – 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Батыр» спорт кешенінде дзюдо күресінен және қазақ күресінен ашық чемпионат өткізілді.
Дзюдо күресіне Жансүгіров, Есеболатов, Сырттанов және Матай ауылдық округінен 80 – нен аса палуандар қатысты.
Қазақ күресіне де аудан бойынша 80 – ге жуық жасөспірімдер бас қосса, Бұл чемпионатқа Сарқан ауданының да жауырындары жерге тимейтін палуан балалар келіпті. Бозкілем үстіндегі тартысты бәсекеде алдымен дзюдо күресінен Тулеухан Батыр, Өмірбек Әлихан, Жұмабай Елдарлар өз салмақтары бойынша жүлдегер атанса, Бексұлтан Мәулен, Болат Дінмұхамет, Жомарт Елдос және Сламғалиев Бауыржандар ІІ — ІІІ орындардан көрінді.
Қазақ күресі де тартысты өтіп, чемпионаттың жабылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Т.Құрманов, қазақ күресінің жаттықтырушысы О.Садуақасов сөз алып, жарысқа қатысқан барлық жасөспірімдерді құттықтады. Алдымыздағы жылдарда ауданымызда үлкен әрі кең спорт кешені салынатынын, болашақта осындай жарыстар сол жерде өтетінін мақтанышпен айтып өтті.
Ең жеңіл 26 келеден бастап, 46 келеге дейінгі салмақта күш сынасқан палуандарымыздың жеңімпаздары медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

А.БАЙМҰХАМБЕТОВ,
аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт
мектебінің жаттықтырушыссы.

Мәліметпен бөлісу: