Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласынан бастау алатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2018-2019 жылы «Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылу барысындағы мәліметі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегі елімізде үлкен рухани серпіліс туғызды. Өйткені, Ұлт Көшбасшысының идеясы ұлтымыздың тұтастығы мен мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналып, барша қоғамға тың серпіліс әкеліп, үлкен деңгейде оң қоғамдық пікір қалыптастырды. Аталған мақалада тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттер атап көрсетілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына ел тұрғындарының ықылас-пейілі ерекше. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылып отырған елімізді жаңа белеске көтеретіні сөзсіз. Өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілді. Желілік кесте арқылы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы», -деген Елбасының ұлағатты сөзі өмір сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрғаны бізге бағдаршам болуы тиіс.
Отан тарихы – өлке тарихынан бастау алады дегендей, ауылымыздың тарихы жоспарға сай түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде. Өскелең ұрпаққа насихаттау бағыты бойынша «Еңбектері ерен, өмірлері өнеге» Мейірман Ермектасов, Бекмұханбет Нұрмұханбетов сияқты тұлғалардың көзін көрген қариялармен «Көзін көргеннің өзі де рас – сөзі де рас» атты кездесу өткізілді.
Шара барысында Сағадиев Мұхтар баяндама жасап, қариялар естеліктер айтты, құнды экспанаттар, суреттер көрмесін тамашалады.
Қарасу негізгі орта мектебінде «Даңқы бұрышы» ашылды соғыс ардагерлердің өмірбаяндары бейнеленген. Мектебіміздегі бұрыштардың ашылуына демеушілердің көмегімен 350 мың теңге жұмсалды. Алдағы уақытта осы жоба арқылы жинақталған материалдар негізінде «Еңбек даңқы» залы ашылып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына ел игілігі үшін қызмет жасаған еңбек адамдарын танытатын болады.
Соның нәтижесінде мектебімізде биылғы жылдың наурыз айының 20 күні мектебімізде «Ұлағатты есімдерді дәріптейік» атты семинар ұйымдастырылып ашылу лентасы қиылды.
Бұдан бөлек аға буын өкілдері және жастардың ұйымдастыруымен түрлі шаралар халықтық сипатқа ие болды. Кездесулерде мақаладан туындайтын міндеттер түсіндіріліп, бірлікті, тұрақтылықты сақтауға атсалысуға шақырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау насихатталды. Ұлағатты ұстаз Мәкей Еркінбеков басына құлып тас қойылып, аудан орталығында «Молықбай» мәдениет үйінде семинар өтті.
Алматы облыстық «ӨРЛЕУ» институты «Кіші Отанның мәдени рухани дамуы» Республикалық онлайн семинар практикумға 11 облыс тарихшылар және музейтанушылар қатысты. Тарих пәнінің мұғалімі Сағадиев Мұхтар қатысып, өз жобасын қорғап марапатталды. «Құзыретті педагог 2017 жыл» Республикалық жинаққа мақаласы енді.
Ауандық ҚҒА мектебімізден екі оқушы Лебек Мақсат және Бекболатқызы Айсана қатысып, жүлделі І орынмен марапатталды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ-қа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сай Қапшағай қаласында Республикалық «Балдаурен дарыны – 2018» Республикалық байқауы 2018 жылдың 4-5 маусымында өтті. Сол байқауда тарих пән мұғалімі Сағадиев Мұхтар оқушысы Лебеков Мақсат ІІІ орын иеленді.
Облыстық тарихи-өлкетану. «Рухани жаңғыру» тақырыбында республикалық ғылыми — тәжірибелік конференция өткізілді. Қаскелең қаласында.