Қосбатыр кесенесі

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі бағыттарының бірі  — «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы. Бұл жоба бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі кешенінде «Қасиетті Қазақстан» Орталығы құрылды.

Жоба аясында жалпыұлттық және жергілікті киелі орындарды жүйелеу және іріктеу жұмыстары бойынша 40 ғылым және қоғам қайраткерлерінен тұратын Ғылыми — сараптамалық кеңес құрылды. Жалыпұлттық және өңірлік маңызы бар нысандар тізімі құрылып, аннотациялық маңызы бар 185 жалпыұлттық нысан анықталды. Жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандардың 3d турларға құрылған виртуалдық картасы жасалды. Картада тарихи нысандар туралы қысқаша және толық ақпараттар берілген. БҰҰның 5 тіліне аударылған Қазақстанның қасиетті жерлері туралы 4 фильм өндірісте тұр. National Geographic, Viasat History, Discovery арналарымен бірлескен жоба ретінде «Күлтегін» ғылымитанымдық деректі фильмі түсірілуде. Біздің ауданымызда да осындай киелі орындар көптеп кездеседі. Солардың бірі Қарашілік ауылдық округіне қарасты Қосбатыр кесенесі.

Қарашілік ауылдық оркугінің солтүстік батысындағы киелі орынға жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасында ерлікпен қаза тапқан көлдей- жұмай руынан шыққан атақты түменбасы Шоңай батырдың Назар, Нартайлақ атты ұлдары жерленген. Олардың мәйітін 1729 жылы сонау Балқаш бойынан түйеге артып әкеліп, өздерінің туған жеріне қойған. Ол жөнінде ақын Жамау Бұқарбай зерттеп, «Назар — Нартайлақ» поэмасын жазды («Пері қызына хат» кітабында). 1993 жылы ауыл адамдары қос есікті, кіре берісіне қос қалқан мен найза орнатылған кесене тұрғызып, батырлардың рухына бағыштап ас берілді. Жердің қасиеті — қотыр малды апарып түнетсе, жазылып кетеді деседі. Міне, осындай қасиеті бар орындарды қалайша киелі жерлерге жатқызбаймыз. Бұл әлі де толық іздену мен зерттеуді талап ететін, үлкен әңгіме екені рас. Сонда бұл орын да жоғарыда аталған тізімдердің санын толықтырып, Қазақстанның киелі жерлері қатарына толық қосылады деп сенеміз. Раиса МҰРАТОВА, Сағабүйен ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: