
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды.
▫️ Жиынды ашқан Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бизнес – экономикалық реформалар жүргізуде басты серіктес, бұл жұмыста «Атамекен» ҰКП маңызды рөл атқарады.

💬Біз бүгін сіздермен еліміз үшін өте маңызды, тарихи маңызы бар сәтте кездесіп отырмыз. Жарты жыл бойы қоғамда конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Ашық дискуссиялар болып жатыр. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп түсуде және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл – еліміздегі демократиялық процестердің айқын дәлелі.
Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы халыққа ұсынылды, басты мақсат – егемендігімізді, Тәуелсіздікті нығайту. Барлығыңызды Президентімізді және жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын. Сіздердің қарамақтарыңызда мыңдаған азамат жұмыс істейді. Олардың әрқайсысына реформа міндеттерін дұрыс жеткізу маңызды💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
▫️ Жаңа Конституция жобасында Мемлекет басшысының Заң және Тәртіп жаппай үстемдік құрған Әділетті Қазақстанды құру туралы бағдары кәсіпкерлер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп, адал еңбек, кәсіпке деген құрмет, елге жанашыр болу сияқты құндылықтардың маңызын арттыра түседі. Әділдік пен заңдылық қағидаттарын конституциялық деңгейде бекіту сенім мен ұзақмерзімді әріптестік орта қалыптастырады.
Олжас Бектенов: Проект новой Конституции формирует среду доверия и долгосрочного партнерства государства и бизнеса
Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития предпринимательства с участием представителей бизнеса нефтегазовой и энергетической отраслей, горнорудной и металлургической промышленности, АПК, членов профильных ассоциаций и экспертов со всех регионов на площадке НПП «Атамекен». Внимание уделено актуальным вопросам налоговых реформ, поддержки бизнеса, цифровизации информационных систем и др.
▫️ Открывая работу совещания, Премьер-министр подчеркнул, что развитие предпринимательства – один из приоритетов, обозначенных Главой государства. Бизнес выступает ключевым партнером в проведении экономических реформ, и в этой работе значимую роль играет НПП «Атамекен».
💬Мы встречаемся с вами в исторически важный период для страны. На протяжении полугода в обществе идет активное обсуждение Конституционной реформы. Все дискуссии ведутся открыто. Поступают тысячи предложений от наших граждан и все они внимательно изучаются и учитываются. Это яркое свидетельство развития демократических процессов в нашей стране.
Проект новой Конституции представлен народу, главная цель – укрепление Независимости и устойчивое развитие Казахстана. Призываю бизнес поддержать нашего Президента и новую Конституцию. Под вашим руководством работают тысячи граждан. Важно донести до каждого из них задачи реформы💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.
▫️ Закрепление в проекте новой Конституции Президентского принципа «Закон и Порядок», направленного на создание Справедливого Казахстана, возлагает большую ответственность на бизнес-сообщество и повышает значимость таких ценностей, как честный труд, патриотизм, уважение к профессии. Закрепление принципов справедливости и законности на конституционном уровне формирует среду доверия и долгосрочного партнерства.
