ҚОЛӨНЕР – СЫРЛЫ ӨНЕР

 Қазақстан Республикасындамытудың 2017 жылда қабылданған мемлекеттікбағдарламасын қолдау шеңберінде, қолөнершілікті дамытуға ерекше орын берілген.

Өткен сенбіде Текелі қаласында, (этнофести­валь) қолөнер шеберлерінің көрмесі болып өтті. Жоғарғы деңгейде, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған, тау баурай­ында, әдемі бақта, жаңа амфите­атрда өткен тамаша іс – шараданрухани құндылық алып, риза болдық.

Қолөнершілердің этнофестивалі көпшілік қауымға қызмет – жетстіктерін таныстыра оты­рып, өз өнімдерін насихаттап, қатысушыларды қызықтырды. Соның ішінде ерекше көзге түскенкиізден жасалған, дәстүрлі, ұлттық киімдер, көйлектер, ағаштан, күмістен, былғарыдан жасалған бұйымдар, алаша, құрақ көрпе, керамикалар менің де назарымды еріксіз аударды. Біздің ауданнан қатысқан, Ақсу ауданның ікер әйелдер кеңесінің мүшесі, тігіншіСауғабаева Жарқын да өзнің дайындаған, дәстүрлі кіимдерін көрсете алды. Оның қолынан шыққан бұйымдар көрермендер көңілінен шығып, ерекше бағаланды. Біздің ауылда да шеберлер, қолөнершлер баршылық, соларға қолдау көрсетіп, құрал – сайман­дарын алу үшін грандтарды бөліп, оқытуымыз қажет.

Болашақта ұйымдасып, біздің ауданда да осындай Этнофестивальдарды өткізуге болады, шеберлеріміз бар, ұйымдасайық, бірігіп әрекет жасайық, әрекет жасасақ – берекет те болады ағайын!

Бағлан НАРЫШЕВА,

Ақсу ауданының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

Мәліметпен бөлісу: