Ойласам ықыласыңды өседі еңсем,
Әлпештеп жолыма гүл төсеген сен.
Қорыңа өз қолымнан үлес қосып,
Арман не ұл мәндетін өтеп өлсем. — керемет өлең жолдары.
Жүрегінде иманы, Ақын рухына асқақтату барысында, туған жеріне деген өшпес тағзым ретінде, патриоттық, достық, адамгершілік ұшқынын көрсете біліп, талай азамматтар өз тараптарынан ақын қорына үлестерін қосуда. Биыл «Ақын ауылы», ақын тойына қызу дайындық үстінде. Аудан тарапы да, ақын ауылына баса назар аударғандай. Шеткі шалғайда жатқан ауыл, халық санының аздығына қарамастан, аудан басшыларының үлкен көмегінің арқасында, ауыл әкімі Т.Т.Білісбектің көрегенділігімен, Ойтоған ауылында біраз шаруалар қолға алынып жасалынып жатыр. Жаз айынан басталған ауыз су тартылу жобасы аяқталыпта қалды. Басты көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, іске қосылса, орталық көшелерде жүргіншілер жүретін жол жасалынып (тротуар) бітуге жақын. «Жастар» саябағы жасалынып 400 — ге жуық жеміс ағаштары отырғызылып қоршалынса, қазіргі таңда Ақын ескерткіші қойылылатын жерге көркемделген тастармен (брушетка) қаланып, жол жасалынып жатыр. Негізгі көшелерге асфальт төселіну жұмыстары да басталып кетті. Әр істің басы қасында жүрген ауыл әкімі Т.Т.Білісбек мекеме басшыларымен ауыл ақсақалдарынан комиссия мүшелерін құрып, ақын тойын өткізу жоспарын құрғызып, әр көше қоршауы талапқа сай қоршалуын тапсырып әр апта сайын мәлімет алып көмегін беруден аяанып қалған емес. Ауыл тұрғындарыда мүмкіндігінше өз қолдарынан келгенше қашаларын, жасатып қарбаласуда. Осыдан бір жыл бұрын бастау алған әр жылғы мектеп түлектерінің көмегімен мешіт қасынан хатымхана салу жұмысы басталған болатын. Әр кірпішінің көтерілуіне ұйтқы болып жүрген ауыл азаматтарының арқасында «хатымхана» жұмысыда аяқталып та қалды. Ақын тойына дейін ашылуын жасауда негізгі жоспардың бірі болып негізделуде. Тойдың болғанынан боладысы қызық» — демекші той өткенсоң осы қарбалас тіршіліктің ізі де қаламасы анық. «Еңбекті елесең ғана еңбек екенін көресің» — соған байланысты Тұрсынұр Тұрысбекұлының тапсыруымен қазіргі болып жатқан қарбаластан фота слайд, бейне роликтер жасалынуда. Былтыр ғана дүниеге келген жаңа әнұранымызбен көркемдесек нұр үстіне нұр болар еді, — деп ауыл ақсақалдары да баталарын беруде. «Ойласам ықыласыңды өседі еңсем»,- деп жоғарыда Асқар Оразақын айтқандай, топырағы мен суыннан нәр алып өскен қасиетті туған жер киесі кімді де болса өзіне тартатыны анық. Ақын рухын асқақтату, ұрпағы үшін қолдан келгенше аянбай еңбек ету біздің негізгі міндетіміз болып саналса, Алла қалауымен күз айына жоспарланған ақын мерейтойын Республика көлемінде тойланып жатса, аз да болса өз үлесімізді қосу біз үшін бақыт болар еді.
Э.РАХЫМБЕКҚЫЗЫ, Ойтоған ауылдық клуб әдіскері, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
керемет