ОБЛЫСТЫҚ ҚҰМАЙ  ТАЗЫЛАР КӨРМЕСІ

Тазы қазақ даласына сақ заманында келген деп шамалауға бо­лады. Шамамен 2000 — 2500 жылдар бұрын болса керек. Кейбір тасқа қашалған петроглифтердегі тазыға ұқсас аңшы иттерінің бейнесіне қарап, бұдан да ертерек замандарда да болған ба деп болжам жасауға да болады. Тазыға ұқсас кейіптегі бейнелер Мы­сыр перғауындарының ескерткіштерінде бейнеленген. Осыдан 3400 жыл бұрынғы деректерде ұзын сирақты тұрықты, тұмсығы үшкіл, құлақтары тік, құйрықтары иректеліп дөңгеленген иттер бей­неленген. Қысқасы олардың сұлбасы тазыға көбірек келіңкірейді. Аң қағатын итін қазақтар «тазы» атауының мәні парсының «таза, алғыр, жүйрік» деген мағынадағы сөзінен шыққан. Бәлкім тазы — таза — таза қанды деген мағынадағы сөзінен туған, ықшамдалу заңдылығына байланысты тазыға ауысуы мүмкін деп жорамалдайтындар да бар.

Халқымызды «Ит жеті қазынаның бірі», Ит адамның досы деп бе­кер айтылмайды.

Жуырда облыс деңгейінде Қазақтың құмай тазыларының көрмесі өтті. Бұл шараға ауданымыздан Мұрат Ахметов бауырымыз өзінің «Жезтырнақ» атты күшік тазысын алып барып, күшіктер арасында І орын, жалпы сайыстан ІІІ орынды иеленіп қайтты.

Құмай тазылар көрмесінде иттің сұлулығы ғана емес, оның салмағы, келбеті, алғырлығы, жүйріктігі, ептілігі барлығы сынға түсті.

Жеңімпаздар басқарма басшысы А.Үшкемпіровтың дипломымен, арнайы кубокпен марапатталды.

Ауданымыздың серілерін ауылға кіре берістен қарсы алып, жеңістерімен құттықтадық.

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: