ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ АУДАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Бекенұлы Басшыбаев 14 қыркүйекте Ақсу ауданына кезекті сапарымен келді.

Іссапарының барысында облыс про­куроры тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындармен жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, суармалы су­мен қамтамасыз ету проблемалары, мал ұрлығы мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, тұрғындар облыс прокурорына жергілікті жердегі өздерінің проблемалық мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолда­ры бойынша ұсыныстарын атап өтті.

 Сондай-ақ, облыс прокуратурасының бір топ қызметкерлері Ақсу ауданының 13 ауылдық округін аралап шықты: Жансүгіров, Ақсу, Сырттанов, Арасан, Суықсай, Қапал, Есеболатов, Қарасу, Ойтоған, Қарашілік, Қызылағаш, Қаракөз, Жаңалық.

Прокуратура қызметкерлері ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына мүмкіндігінше ауызша түсініктеме беріп, жазбаша өтініштер алды.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ.

Мәліметпен бөлісу: