Облыс әкімі Қанат Бозымбаев арнайы жұмыс сапарымен ауданымызға келіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесті.
Жиын басталмас бұрын облыс басшысы аудандық «Қобызшы Молықбай Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінің залында орналасқан ауданның әлеуметтік — экономикалық өсу деңгейін көрсететін көрмені аралап өтті. Ауданның жетістіктері мен даму деңгейі жайлы көрмені аудан әкімі Есім Сейілханұлы таныстырды.
Ең алдымен аймақ басшысы Алматы облысының әлеуметтік экономикалық дамуы, атқарылып жатқан келелі жұмыстар мен алдағы жоспарды баяндады.
Ақсу ауданының облыс экономикасының дамуына тигізіп жатқан үлесі көп екенін де тілге тиек етіп, өңірде осы жылы атқарылатын ауқымды шаруалар жайлы сөз қозғады.
Тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі аудандағы өзекті мәселелерге де баса назар аударды. Тиісті мамандардан сол мәселелердің шешу жолдарын сұрады.
Жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылды. Аудан тұрғындары аймақ басшысына көкейінде жүрген сауалдарын қойды.
Облыс әкімі көтерілген өзекті мәселелер шешімін табатындығын айтып, тұрғындар қойған сауалдардың әр қайсысына жеке — жеке тоқталып, орынбасарлары, аудан әкімі мен жауапты мамандарға нақты тапсырма берді.
Жиын соңында тұрғын- дарды жеке — жеке қабылдады.
Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА.