
Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Ақсу аудандық қоғамдық штабының мүшелері Ақсу политехникалық колледжінің ұжымымен кездесті. Оған облыстық қоғамдық штаб мүшелері Ашымғали Жұмагелдин, Берік Тынышбаев, Рахат Ибраймова аудандық қоғамдық штаб мүшесі Күләйхан Тұрсынбекқызы қатысып, сөз сөйледі.
Кездесуде білім беру саласы өкілдеріне Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғады.
Сондай ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздің өсіп өркендеуі жолында сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Тәуелсіз еліміздің дамуы жолында табанды қызмет атқарып келеді. Шағын және орта бизнестің дамуы, білім саласына гранттар санының көптеп бөлінуі қазақстандықтарға оның ішінде жастарға жасалған зор мүмкіндік деп білемін, – деді Әшімғали Жұмагелдин.
Спикерлер мемлекет басшысының әр жылдарда жолданған Жолдауларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жасалған бағдарламалар мен бастамалары әрдайым жүйелі жүзеге асып жүргенін, соның нәтижесінде қай салада өрістеу барына тоқталды. Еңбек адамына, ұстаздарға, дәрігерлерге қолдаудың жан — жақты болғанын да атап өтті. Әділетті һәм бақуатты елде өмір сүру үшін сол жолға бастайтын тұлғаны қолдау – мемлекеттің өсіп-өркендегенін қалайтын әр азаматтың міндеті екені де нығырлай айтылды
– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының игі бастамасына қолдау білдірушілер қатары артып жатқаны қуатты Қазақстаның әділетті қоғам құрудағы жарқын бастамасы. Мұның барлығы ел әлеуетінің артуына тигізер әсері зор, – деді Күләйхан Тұрсынбекқызы.