Ақсу ауданының әкімі, аудандық партия төрағасы Е.Базархановтың өткен жеке қабылдауы 23 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде барлық карантин талаптарын мұқият сақтай отырып, аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының төрағасы Е.Базарханов азаматтарды жеке мәселелерімен онлайн және офлайн қабылдады.
Қабылдауға келген аудан азаматтарының қойған негізгі сұрақтары тұрғын үй, жер, атаулы әлеуметтік көмек, т.б. жеке мәселелері бойынша жүгініп, ой — пікірлерімен бөлісті.
Жеке қабылдауға келген аудан азаматтарының сұрақтарына Заңға сәйкес жауап беріліп, аталған мәселелер бойынша өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, уақытында орындалуы жүктелді.
Л.ҚАСЫМБЕКОВА.