«NUR OTAN» партиясы хадықпен бірге

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының ғиматарында «Алтын қолдар» атты ерекше күтімді қажет ететін балалардың өздері құрастырып жасаған қолөнерлері, бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге келушілер балалардын қолөнер бұйымдарын сатып алып, демеушілік көмектер көрсетті.

15 наурызда “Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалы ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жыл басынан бастап аудандық жұмыспен қамту орталығына 16 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркеліп, оның ішінде 11 тұрақты, 2 әлеуметтік жұмысқа, 1 жастар практикасына орналастырылды

«Nur Otan» партиясының «НаурызChallenge» мейірімділік акциясының аясында аудандық партия филиалында көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына аудандық мәслихат хатшысы Б.Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты К.Дәулетбекова және аудандық партия филиалы Саяси Кеңес мүшесі Ф.Абибуллаев бастаған бір топ белсенді жастардың ұйымдастыруымен 2 отбасына көмір, 8 отбасына азық-түліктер беріліп, қайырымдылық көмек көрсетілді.

Маржан Матембаева,

 «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының эксперті.

Мәліметпен бөлісу: