Елбасы тапсырмасы талқыланды
«Молықбай» атындағы мәдинет үйінде 15 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIІ Конференциясы өтті. Конференцияны аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының төрағасы Есім Сейілханұлы Базарханов ашып, жүргізіп отырды.
Конференция жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, шақырылған мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы туралы» аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күләйхан Тұрсынбекқызы Дәулетбекова баяндама жасады. Өз сөзінде: 9 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым — Жомарт Кемелұлы республикалық телеарналардың тікелей эфирінде кезектен тыс Президент сайлау өтетіндігін мәлімдеді. Қазақстан – бірлік пен береке бесігі, ұлттар достығының айнасына айналған мемлекет. Біз осындай жауапты кезеңде бірлігімізді бекем етіп, ортақ мүдде, ұлтаралық келісім, ішкі саяси тұғырымызды нығайтуымыз керек. Алда келе жатқан жауапты Президенттік сайлау азаматтық көзқарасымыз, ауызбірлігіміз бен берекеміздің сыналар мерзімі. – деп сөзін нақтылады.
10 сәуір күні Партия Төрағасы партияның Орталық аппаратында болып, нұротандықтармен кездесті. Партия Лидері партиямыздың бұған дейін ұстанған бағытының, саяси бағдарының дұрыстығын тағы бір растап, алдымызға сайлауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Партияның 27 ақпанда өткен кезекті XVIII съезінде Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2030 жылға дейінгі партия Бағдарламасына қатысты нақты жоспарды дайын-дауды және жаңа ұлттық төрт жоба: «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Құтты мекен» және «Ауыл – ел бесігі» жобаларын тиімді жүзеге асыруды да нықтап тапсырды – деді. Аталмыш ұлттық жобалардың – мақсатын, оның нақты міндеттерін және жоба бойынша ауданда атқарылып жатқан шараларды айқындап көрсетті.
Бірінші ұлттық жоба – «ХАЛЫҚҚА КӨМЕК» жобаның мақсаты барлық азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету. Нақты 3 міндет айқындалды:
Мемлекеттік органдары қатыс-тыра отырып қоғамдағы өзекті мәселелердІ жедел шешу; тұрғындармен кері байланыс орнату; белсенді азаматтарды қатыстара отырып қоғамдағы мәселелерді шешу. Осы мәселелерді шешу бағытында республика бойынша 234 партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» ұйымдастырылды. Онда әрбір азамат өзіне ыңғайлы форматта қоғамдық қабылдау бөлмесіне, келу, галл орталығы, электронды мекен жай, әлеуметтік желі т.б. арқылы өтініштерін білідіре алады. Өтініштерді қарауда «осында және қазір» принципі бойынша жүргізілуде. Бүгінгі күні аудандық партия филиалына түскен өтініштер саны 63, оның ішінде оңтайлы шешілгені — 26, 37 — не кеңес берілді. Осы жоба аясында тұрақты түрде мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйым және қоғамдық ұйымдар, бизнес қауымдастығымен байланыста жұмыс жүргізілетін болады.
Келесі маңызды жоба ол – «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ». Жобаның мақсаты аз қамтылған көп балалы отбасыларға қолдау көрсету. Жобаның басты 3 мақсаты бар. Олар: Әлеуметтік — экономикалық шаралар, отбасы институтының нығаю және заңдық қорғалуы.
Партия жанынан отбасы және балалар құқығын қорғайтын Республикалық Кеңес құрылды. Үкімет және әкімшіліктермен бірлесіп арнайы Жол картасы әзірленді. 2019 жылдың индикаторына сәйкес 832 142 адам атаулы әлеуметтік көмек, 68376 адам оқуға, 14036 адам шағын несие алуға, 4135 адаға грант берілетін болады.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар 3 топқа бөлінеді.Бірінші топқа әлеуметтік аз қамтылған отбасылар кіреді. Олар атаулы әлеуметтік көмекке аса мұқтаж, өзге екі топ – «ерекше назардағы» топ. Отбасыларға көмек арнайы жұмыспен қамту шаралары, көмек пен кеңестер беру арқылы жүзеге асырылмақ. Жаңа партиялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Ақсу аудандық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде мемлекеттік орган, Үкіметтік емес және қоғамдық ұйым өкілдерінен құрылған Балалар құқығын қорғау Республикалық қоғамдық кеңесінің жұмысшы және арнайы мониторингтік топтар құрылып, өз жұмысын басталғанын атап өтті.
Үшінші ұлтты жоба – «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ». Жоба мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартып, кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасау, ауылдың әлеуметтік — экономикалық дамуына жол ашып, жастардың сол жұмысқа белсене атсалысуына жағдай жасау. Жоба барысында 3 бағытта жұмыс атқарылады:
Бірінші – әлеуметтік инфрақұры-лымды дамыту. Біз бизнес қауымдастығымен бірге алдағы үш жылда еліміз бойынша мектеп жанындағы 1000 спорт алаңын, ауыл кітапханаларының базаларында 1000 Коворкинг орталықтарын ашуды жоспарлаудамыз. Облыс бойынша алдағы үш жылда 26 Коворкинг орталығын ашу жоспары тұр.
Екіншіден, ауылдарды кадрлармен қамтамасыз ету жұмысы. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында мамандарды ауылды жерлерге тартуды және оларды қажетті жағдай жасауды қолға алу жоспарлануда.
Үшінші — ауылдарда жастардың кәсіпкерлікпен айналысуын дамыту. Биылғы жылы 2000 жас 500 шаруа қожалықтарына тәжірибе жинақтауға жолдама алмақ. Тәжірибе нәтижесінде ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына 500 жасты тұрақты жұмыспен қамту, 200-ге жуық ауылшаруашылығы саласына қатысты жаңа жобаларды іске қосу жоспарда тұр.
Төртінші жоба — «ҚҰТТЫ МЕКЕН».
Жобаның басты мақсаты нысандардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымына партиялық қадағалау. Ол үшін 3 деңгейлі қадағалау жүргізілетін болады. Жоба мақсаты – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына партиялық бақылау жүргізу. Бұл мақсатта үш сатылы бақылау жүйесі енгізіледі:
• Аудан — қала деңгейінде монито-рингтік топтар жұмыс атқарады. Олар нысандарға бақылау жасайды.
• Облыста мәслихаттардағы фракциялар, партиялық бақылау комиссиясы мен өзге де партиялық бақылау органдары қаражаттың мақсатты жұмсалуын, ұсыныстар мен ескертулердің орындалуына, жалпы орындалу барысына сараптама жүргізеді.
• Орталық деңгейде мемлекеттік мекемелер мен партиялық құрылым-дардың есептері тыңдалып, республикалық деңгейде партия позициясы тұрғысында ұсыныстар енгізіліп отырады.
Осылайша, партиялықтар ауылдарда, аудан — қалаларда азаматтардың белсенділігін арттыруға, әлеуметтік-экономикамалық маңызды істерге өз азаматтық көзқарасын білдіруге мүдделі болуға жол ашады. «Құтты мекен» партиялық жобасы «Nur Otan» партиясына еліміз бойынша қоғамдық бақылау орнатудың басты институтына айналады. Әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында арендалық тұрғын үйлер құрылысы басталды, бұл мақсатқа алдағы жеті жылда жыл сайын 50 млрд. теңге қаражат бөлінбек.
Ауданымызда Жансүгіров ауылы Қалилаханов көшесінің бойынан 10 жеке басты тұрғын үйлер мен оған қарасты инженерлік -коммуникациялық желілерінің құрылысына; «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында арналған 60 га жер жер теліміне инженерлік -коммуникациялық желілері құрылысы» нысанына жобалау жұмыстары аяқталып, сараптама қорытындылары дайын.
Сонымен қатар Көшкентал ауылында 180 орындық мектеп 75 орындық шағын орталығына, Сағакүрес ауылында 120 орындық мектеп 25 орындық шағын орталығы, Көлтабан ауылында 120 орындық мектеп 25 орындық шағын орталығымен жоба-сметалық құжаттамаларына бастапқы 10млн теңге бөлінді, бүгінгі күнге ашық электронды конкурс жарияланды.
Жансүгіров ауылында жаңадан салынатын 30 жеке басты тұрғын үйдің құрылыс жұмысына жоба — сметалық құжаттамаларына, инженерлік -коммуникациялық желілері мен аббаттандыру жұмыстарының құрылысына қаржы бөлінді, электронды конкурс жэарияланды, құрылысы биыл басталады. Сонымен қатар бюджет арқылы 20, демеушілер арқылы салынған 25 тұрғын үй сатып алынады.
Көкөзек, Қарашілік, Шолақөзек, Ойтоған ауылында сумен жабдықтау жүйесін реконструциялау және салуға қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Партияның кезекті съезінің шешімдерін және партиялық жобаларды орындау бағытында аудандық партия филиалы есепті кезеңде, аудандық басылымда — 6 мақала, партия сайты мен әлеуметтік желілерде – 27 пост жарық көрді.
Партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және аудандық мәслихат жанындағы депутаттық фракция отырыстарында аудандық білім, құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлім басшыларының және аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының есепттері тыңдалды – деді.
2018 жылы қыркүйек айында партияның 20 жобасы бекітіліп барлық бастауыш партия ұйымдары жұмыстар жүргізуде. «Тегін ІТ сыныптар» партиялық жобасы аясында биылғы жылы Ж.Сыдықов, Қ.И.Сатбаев атындағы орта мектеп – гимназиясында ашылады және жыл соңына дейін 3 мектепте демеушілер көмегімен ашу жоспарлануда; «Бірыңғай онлайн кітапхана» жобасы аясында кітап қорларын электронды форматқа көшіру жұмыстары уақытылы жүргізіліп, облыстық кітапханаға 5 жерлес ақын – жазушылардың кітабы ұсынылып олар сандық сандық форматқа көшірілді; «Білім орталықтары» жобасы шеңберінде Қапал ауылдық кітапханасында ашу жоспарда, «Мектеп асханалары» жобасы жалпы білім беретін мектеп асханасының заман талабына сай жабдықталып, бекітілген стандарттарға сәйкес тағамдар әзірленуі бақылауға алынды, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында бастауыш партия ұйымдарында ҰОС, тылға қатысушылардың сауалнамасы жүргізіліп, әлемуеттік картасы жасалды, анықталған өзекті мәселелер бойынша жұмыстар ұйымдастыруда. «Ел аналары» жобасы бойынша 90,100 жастан асқан аналарымыз тұрақты түрде бақылауда, ол кісілерге әр түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып жатыр. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «кедергісіз орта» құруға ерекше назар аударуды тапсырған. Аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен депутаттар тұрақты түрде әлеуметік инфрақұрылмдардың сапасын, қолжетімдігінге рейдтер ұйымдастырып, тиісті органдарға ұсыныстар беріп, олардың орындалуын қадағалап отырады. Бүгінгі күнге мектептер, жоғары, арнаулы оқу орындарында инклюзивті оқу саралануда – деді.
Елімізде елеулі саяси өзгерістер болды. Биліктің қалыпты əрі бейбіт жолмен берілуін қамтамасыз етіп, бүкіл əлемге Конституция аясында əрекет ететінімізді көрсеттік. Бұл – барша жұрт үшін айтулы оқиға.
Қазір ең бастысы – осыған дейін қалыптасқан сыртқы саяси бағытымыздан айнымау. Ең алдымен, жақын көршілерімізбен арадағы қатынастарға назар аудару керек. Бұл қатынастар өзара сенімге негізделуге тиіс.
Ендеше, Қазақ елі туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты, Елбасымен қайратты екендігіне сенімдімін! – деп баяндамасын қорытындылады.
Баяндама аяқталғаннан кейін партия ардагері, «Қарасу» бас-тауыш партия ұйымының мүшесі Т.Қ.Қапашев, Жансүгіров ауылдық округінің әкімі «Орталық» бастауыш партия ұйымының Бюро мүшесі Б.Шарипов, Егінсу ауылдық округі жастар нұсқаушысы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Ә.Әденов және «Қапал» бастауыш партия ұйымы мүшесі, партия ардагері А.Садуақасовтар жарыс сөзге шығып, баяндаманы талқылады. Конференцияда 2019 жылдың 17 сәуір күні өтетін Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХVI Конференциясына делегаттар сайланды.
Ербол СЫМХАНОВ,
арнаулы тілші.
«Nur Otan» партиясы мүшесі, партияның кадрлық резервіне қатысушы.