
Ауыл — ортақ үйіміз. Сондықтан оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей — жай қарамай, қоқыс — қалдықтарды кез — келген жерге тастамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Көктемнің алғашқы айы басталды. Қар кетіп, жер ашылды. Енді көктемгі санитарлық — тазалық айлығы басталады. Алдымызда мерекелер көп. Сол ортақ мерекемізді таза ауылда жақсы көңіл — күймен қарсы алу барлығымыздың міндетіміз. 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай ауыл тазалығын жастарға сабақ еткен, қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетіп, тынбай еңбектеніп жүрген тазалық сақшыларын ешкім елемейді. Алатындары аз ғана еңбек ақы, жасаған еңбектері бір ауылдың отымен кіріп, күлімен шыққандай осы бір қарапайым жандарға көңілге қуаныш сыйлайтын Ұлы мерекеде аудан, ауыл жұртшылығы атынан алғыс білдіреміз. Олардың ішіндегі нәзік жанды аруларды келе жатқан Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтаймыз.
Құрметті ауыл тұрғындары!
«Тазалық жинағаннан емес — шашпағаннан»,-демекші ауыл тазалығы тек осы еңбек адамдарына ғана керек емес. Отырған жерлерімізді шашпай, қайта тазалыққа бір кісідей атсалысайық.
Ілияс МҰСАБАЛАНОВ,
Жансүгіров ауылдық округінің әкімі.