Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Олардың басты міндеті — халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде азамттарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез — келгеннің қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен білік және тәжірибе керек.
Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді.
Соған байланысты аудан әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбайұлы төтенше жағдайлар қызметкерлерін қабылдап, карантин режиміне байланысты салтанатты түрде болмаса да, арнайы құттықтап, олардың тынымсыз қызметінде апат, зілзала, өрттен бөлек түрлі жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуге де тура келетінін айтып, жұмыстарына сәттілік, елімізге тыныштық тілеп, аудан әкімінің Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Е.ӘБДІКӘРІМҰЛЫ.