Нәзік жандарға құрмет

 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне, келе жатқан Ұлыстың ұлы күні және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ауданымызда түрлі мерекелік іс — шаралар ұйымдастырылуда. Аудан әкімінің аппарат жиыны алдында аудан экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқан нәзік жандарды аудан әкімі Базар­ханов Есім Сейілханұлы құттықтап, облыс әкімі Амандық Баталовтың, аудан әкімінің «Құрмет Грамоталары» мен «Алғыс хатта­рын» табыстап, бағалы сыйлықтарымен ма­рапаттаса, аудандық «Молықбай» атындағы мәдениет үйі қызметкерлері әннен шашу шашты. Залда отырған барша әйелдер қауымына гүл шоқтары таратылды.

Осы шара барысында жоғарыда көрсетілген ханымдарға Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Олар: Күлжиған Тұрсынова, Камалия Мұқашкызы және Күләйхан Тұрсынбекқызы.

Осындай іс — шараның бірі — Ақсу ауданның Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған сал­танатты мерекелік шара. 8 наурыз мей­рам күнінде ардақты, қадірменді «Ақсу әжелеріне» кең дастархан жайып, сый — құрмет көрсетті. Осы әжелердің ішінде тоғыз бала өсіріп, жеткізген Бейсебаева Гүлбану, Жансүгір ауылының Әйелдер кеңесінің төрайымы Ермұханбетова Күләш, бетке ұстар әжелеріміз Құрмашева Ақынсара, Ахметқалиева Райхан, Бақтыбаева Аққайша, Лаубаева Несіпхан, Әбділ Айгүл, Биян Бигүл деген, аса құрметті, әр қайсысы бір ауылдың анасы болып отырған, әжелерімізді күтті.

Шолпан Байжайлауова, Бибігүл Мырза­бекова, Ағила Сындарбекова, Сауғамбаева Жарқын, Жолдасбаева Гүләйім, Садуақасова Маржан, Нарышева Бағлан, Ләззат Қалмұхамбеткызы деген іскер әйелдердің қолдауымен ұыймдастырылған кеш, жүректің жылулығымен, музыкалық сәлемдермен, жақсы тілектермен, есте қаларлыктай отырыс болды!

Іскер әйелдер кенесінің 2021 жылғы жоспарларына қосымша денсаулық то­бын құруға, бірге бірнеше іс — шараларды өткізуге бел буды.

Кештің аяғында әжелерге гүлдер, сыйлықтар ұсынылды, ал әжелерімізде құр қол келмей, халық әндерін, дәстурлі билерін, сыйлықтарын, кәсіпкер ханым­дарга сыйлады.

Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА.

Мәліметпен бөлісу: