«Нұр Отан» партиясына 20 жыл

   Тәуелсіздік алғаннан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты  мен «Нұр Отан» партиясының жолбасшылығы арқасында Республикамыздың экономикасы,қоғамымыздың рухани және әлеуметтік саласы,өркендеуде.  Нұр Отанның қарымды іс –қимылы өткен жылғы «Рухани жаңғыру» және биылғы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры » атты,  тарихи -танымдық мақаласымен жігерлене отырып өркениетті жаңғырту жолында Ойтоған ауылының тұрғындарыда қарқынды еңбек етуде. Шындығында да елдің дамуы мен , өркендеуінің өлшемдері экономикаға тұрмыс жағдайына байланысты.Осы тұста халықтың әл -ауқатының өсуіне мән бере отырып, оны жақсарта түсу -еліміздің дамыған  отыз елдің қатарына енгізудің негізгі шарты. «Нұр  Отан» партиясы , «Нұрлы жол» кешендік бағдарламасын жүзеге асыруда. Айтар болсақ, Елбасы өз сөзінде :  «Рухани жаңғыру» жаппай қолдауға ие болып,қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне  зор серпін берді» деді. Бұл арада Ойтоғандықтардыңда атқарар міндеті зор. Осы уақытқа дейін әр қазақстандық тарихи тамырынан нәр ала отырып, «Ұлы даланың жеті қырынан» уақыт пенен теңістік  аясында жасалған өркениеттегі біздің этностың  алатын орнын нақты білетін  болады.Өркениетте  біздің  ұлттың қосқан үлесінің қомақты екендігін біледі. Жазу мәдениетініңде, жылқыны қолға үйретуде, киім кию, қару ұстау, металл өңдеу  Ұлы Жібек жолы арқылы дүниеге паш етілгенін,бабаларымыздың ұлан-ғайыр Еуразия құрлығында талай-талай, түбегейлі өзгертулер әкеліп, алға жылжулар болып жүзеге асқанын әйгілі етуде.                                                                                                                                                          Еліміздің мыңдаған жылдар бойы қозғаусыз болып келгенін Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың соңғы жылдардағы жүйелеп жасаған даналық ойларынан біліп отырмыз.

       Елбасының кемеңгерлікпен айтылған ұлағатты ойларын ауыл тұрғындарына жеткізуге «Ойтоған» БПҰ Т.Т. Білісбек және «Нұр Отан» партиясының мүшелері де белсене ат салысып,халықпен жиын өткізіп жұртшылықтың ертеден келе жатқан ел дәстүрін, ұлттық үлгі-өнегені дамытып жаңғыртуда аянбай еңбек етіп келеді.Айта келетін болсақ,қазіргі таңда Ойтоған ауылына кіре берісіне орналасқан «Ойтоған» каналы тазаланып, ауыл халқына және шаруа қожалықтарға тоқтаусыз жаздай су бөлінді. «Нұр Отан» партиясының «Цифрлық Қазақстан» жобасы мақсаты.Онлайн қызметтер мен онлайн оқыту жүйесі бойынша 3 адам оқып сертификат алды . «Нұр Отан» партиясының «Балаларға  арналған ақысыз ІТ-сыныптар» жобасы бойынша І.Жансүгіров орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының мемлекеттік  мекемесінің 2018-2019 жылындағы ІТ-сынып оқушыларының тізімі 30-оқушы тізілген. «Өңірлердегі мемлекеттік –жекеменшік серіктестікті кеңейту» жобасы бойынша мектеп асханасында жағдайы төмен,отбасылар мен көп отбасынан шыққан балалар мемлекет тарапынан ыстық тамақпен тегін тамақтанады. «Қазақстанның кітапханалары» жобасы бойынша ауылымыздың кітапханасында әр түрлі іс-шаралар  мен Букросингтар өтіп тұрады. «Мектепке жол» акциясы бойынша ауыл мекемелері бір кісідей қатысып, әлеуметтік көмекке зәру оқушыларды мектеп киімі мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

     Ендеше осындай іс шараларды келешектеде жүзеге асырып. Партияның негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігімен мемлекетіміз нығайып,өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылып.

        Баршаңызға  келер жылы  «Нұр-Отан» партиясына 20 жыл мерекесі құтты болсын.

                                                                  Ойтоған  ауылдық округінің                                                                    кітапханашысы Г.Ә.Қожабекова


Мәліметпен бөлісу: