ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР

Биыл қазақ елінің қайта рухани жаңғырып, Тәуелсіз ел болғанына орда бұзар 30 жыл толды. Енді «Қазақтың көне салт — дәстүрлерін қайта жаңғырту» жастардың санасына сіңіру біздің алдыңғы толқынның толық міндеті. Ендеше, бұл мақалама салт — дәстүрді алуыма өткен жылдары ғана Қазақ хандығының құрылғанына 555 жылдығын тойласақ, енді қайтадан Тәуелсіз ел болғанымыздың 30 жылдығын мерекелегелі жатқан, Қазақстан деген ұлан — байтақ жерді аз ғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші – салт — дәстүрі бола тұра қадір қасиетінің әлі күнге толық зерттелмей келе жатқаны, бүгінгі таңдағы ұмыт болып, салт — дәстүрлердің кейбірі қолданыстан шығып жатқаны себеп болды. Менің ойымша, әр қазақ баласы өз салтын насихаттау барысында дәстүрлерге сүйене отырып өмір сүруі қажет. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт — дәстүрлерімен, ырымдарымен, той — мереке, әдеп — ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді. Алайда осы салт – дәстүрлеріміздің халық арасында ұмытылып бара жатқандары да жоқ емес. Олай болса, тәуелсіз елімізде ата — бабамыздың қалдырған көне салт – дәстүрлерін қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың санасына сіңіру біздің міндетіміз. Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата — бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата — бабамыздан қалған қазынаның бірі салт — дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт -дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан — ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт -дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет -ғұрыптар, салт — дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт — дәстүрлер салт — сана болып қалған. Халықтың салт — дәстүрлері, рәсімдер мен жөн — жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт — дәстүрлері осы ұлттың мінез — құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт — дәстүрлер мен әдет — ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді. Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет — ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан — ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Дәстүр – ұрпақтан — ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез — құлқының, іс — әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата — ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, м е й і р і м д і л і к сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Қасиетті қазақ халқының салт — дәстүрлері өте көп. Қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт — дәстүріміздің бірнеше түрлерін іздеп, соны сіздерге ұсынып отырмын. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тыңдар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет салт — ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының дәстүрлерінің барлығы дерлік қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата — ананы ардақтау, әйелдерді аялау т.б., ізгі қасиеттерге баулиды. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай – ақ. 2. Ұлттық код Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңғырған қоғамның тереңнен бастау алатын рухани коды болатыны айтылады. Сондай-ақ, мақалада ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт — дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, дамытуға баса назар аударылады. Құндылықтар дегеніміз – ұлтты ұлт ететін қасиеттер. Президент өз мақаласында ұлттық рухани код туралы жазды. Бұл «қазақты қазақ ететін қандай құндылықтар, қандай мәдениеттің бағыттары» деген сөз. Біз тек тамағымыздың тоқтығына мәз болмай, рухымыздың күштітлігіне, қадір-қасиетіміздің молдығына бүгін мән беруіміз керек. Адамға тек жұмыс күші, материалдық өндірісті игіліктерді шығаратын тұлға деп емес, қоғамның маңызды күші, рухы биік тұлға, рухы биік қазақ, рухы биік Қазақстан мемлекетінің азаматы деп қарауымыз керек» деген ойын білдіреді. Елбасы мақаласында жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық — рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтыны айтылған. Ұлттық код туралы сөз қозғалғанда ұлттық таным — түсінік, әдет — ғұрып, салт — дәстүр де назардан тыс қалмауы керек. Өйткені, біздің әдет — ғұрпымыз күнделікті тұрмыс — тіршілігімізбен біте қайнасып жатыр. Салт — дәстүрімізде көрініс тапқан ғұрыптық жоралғылар түптен келгенде тәрбиемен ұштасады. Осы жерден қазақтың мәдени кеңістігінің қаншалықты кең екенін көруге болады. Мәдениет бар жерде, әдебиет те бар, әдебиет бар жерде өмір де болады. Мемлекет басшысы: «…Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» дейді өз мақаласында. Менің де осы мақаламда айтқым келгені де осы. Ұлттық салт – дәстүрлердің көне түрлерінің бірі — «Жұртшылық». Бұл — біреуден көп қарыз алып, кейін оны өтей алмайтын жағдай да болады. Бірақ – ар ұяты бар адамдардың алған қарызын өтемей кетуі ел ішінде мүлде болмайды және бүкіл ел – жұртқа, руға, ағайын алдында үлкен мін саналады, бетке басылады. Міне, осындай жағдайға ұшыраған адамды жұрт алдында шығарып ұялтпай – ақ ел ағалары мен ақсақалдары бас болып, ағайын – туыстар бірлесіп, жалпы көпшіліктен көмек сұрайды, қаржы, мал жинайды. Бұған барлық жұрт, көпшілік қатысатын болғандықтан осы қайырымдылық дәстүр «жұртшылық» деп аталған. Қайырымды қазақ елі бұдан бас тартпаған, жұрт болып жұмылған. Мұндай дәстүр халқымыздың бойында әлі бар. Бірақ ұмыт болған керемет қасиет.

Айнұр ЖҰБАЕВА,

І.Жансүгіров атындағы тарихи- өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі.

Мәліметпен бөлісу: