Мемлекетіміз Орталық Азия елдері арасында баға көрсеткіші, оның ішінде азық-түлік құнының өсімі бойынша көш бастап тұр. Инфляция болса, Ұлттық банк болжамы бойынша өзінің шарықтау шегіне бірінші тоқсанда жетеді — мыс. Бұл Қазақстанда мықты ауыл шаруашылығының жоқтығының жарқын дәлелі. Ресми статистика бойынша эрозиялық — қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы 90 млн гектардан асатындығын (бұл ретте жайылымдық жерлер 183,4 млн. гектарды құрайды), оның 29,3 млн. гектары іс жүзінде эрозияға ұшырағанын және одан әрі пайдалануға жарамсыз екендігін ескерсек, елімізде азық — түлік қауіпсіздігі мәселесінің өткір екендігін түсінеміз. Осы ретте біз келешекті, болашақ ұрпақты ойлауымыз керек. Жақында Астана төрінде өткен дөңгелек үстел шеңберінде партия төрағасы Асхат Рақымжанов: «Көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған біздің мемлекетімізде жер ресурстарына деген мұндай көзқарас ақылға қонбайды. ЖСДП ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты жекеменшікті жою, ауыл тұрғындарынан заңсыз алынған шартты жер үлестерін (пайларын) қайтаруды ұсынады»,-деп атап өтті. Бұдан бөлек, партия ауыл тұрғындарының тұрғын үй қорын мемлекет қаражаты есебінен, орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне, сондай — ақ әрбір үйге газбен қосыла отырып жаңартуды ұсынады. Жайылым алаңын ұлғайту және оның жемшөп сыйымдылығын жақсарту есебінен жемшөп базасының құнын төмендету, сондай — ақ, бюджет қаражаты есебінен жайылым инфрақұрылымы объектілерін салу арқылы жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін жағдайлар жасау қажет. Сондай — ақ, ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу үшін кооперативтерді дамыту маңызды.