МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ

«Бір тал кессең, он тал ек», — деп дана ата — бабаларымыз айтпақшы, 25 қазан Республика күніне орай Б.Сырттанов ауылдық округі, Б.Сырттанов ауылында, ауылымызды жасылданды­ру және де жеміс ағаштарын көбейту мақсатында 100 түп алма ағаштарының көшеттері егілді.

***

Есеболатов ауылында 25 қазан — Республика күніне орай «Са­бан той» ұйымдастырылды. Аталған шарада ауылымыздың жеке шаруа қожалықтарының иелері, Жетісу облысының ауылшаруашылығы басқармасы басшысы Н.Кененбаевтың «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Бұл шара ауыл азаматтары, әкімшілік және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, тойхана­да ауыл тұрғындарына дастархан жайылып ас беріп, атшабар алаңында қазақтың ұлттық ойындарының бірі «КӨКПАР» ойныны­мен жалғасын тапты. Көкпардағы жалпы салым қоры 200 000 тг, беташар салымға 1 серке 10 000 тг, өгіз өлдіге 1 тоқты 20 000 тг тігілді. Шара басында көк байрағымыз көкке көтеріліп Қазақстан Республикасының Гимні шырқалды. Осы шараның басы — қасында жүрген Асқаров Айдын бауырымызға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Береке — бірлігіміз ажырамасын, мереке құтты болсын қазақ елі!

***

Қапал ауылдық округініңде Республика күніне орай мерекелік іс — шара өтті.

Мерекелік шараға Қапал ауылдық округінің әкімі Жарылқасын Жалғас Жарасұлы қатысып, мерекемен құттықтады.

Қапал ауылының әлеуметтік — экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандарға «Алғыс хаттар» тапсырды.

Құрметті Қапал ауылының тұрғындары мейрам құтты болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

ҚОҒАМДЫҚ ТІЛШІЛЕРДЕН РЕПОРТАЖ.

Мәліметпен бөлісу: