Мерекелік марапаттар құтты болсын!

КҮЛЖИҒАН ТҰРСЫНОВА МҰҚАШҚЫЗЫ

Күлжиған (Гүлжан) Тұрсынова 1968 жылы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Көшкентал ауылында дүниеге кел­ген. 1976 жылы Көлтабан орта мектебінің табалдырыған аттап, 1986 жылы тәмамдаған. Сол жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Еңбек жолын 1989 жылы Талдықорған облыстық радио­сынан бастап, 1991 жылы Талдықорған газетінде тілші қызметіне ауысады. Қосымша Талдықорған қаласына қарасты Көктал шағын ауданындағы №11 Е.Берліқожанов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Күлжиған Мұқашқызы 2001 жылдан Алматы облыстық «Жетісу» газетінде аға тілші.

Баспасөз саласында ауданымыздың дамуына үлес қосып, ауданымыздың жетістіктерін насихаттауда сіңірген еңбегі үшін мереке қарсаңында Ақсу аданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

 MҰҚАШЕВА КАМАЛИЯ МҰҚАШКЫЗЫ

Еңбек жолын 1975 жылы Жансүгіров ауылындағы Чапaев орта мектебінен бастап, 1976 — 2011 жылдар apалығында Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінде музыка пәнінің ұстазы, аудандық Өнер мектебінде би мамандығы бой­ынша мұғалім болып, 46 жыл абыройлы қызмет етті. Өз пәнін шексіз сүйетін, білім беру технологиялары мен оқыту әдістемесін терең меңгерген, тәжірибелі, тәлімгер ұстаздың алдына қойған мақсаты – оқушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын aрттыра отырып, жеке дарындылық қабілеттерін ашу, дамыту, өнерге баулу. Жас маманнан ұлағатгы ұстаз деңгейіне толассыз енбектің, ізденімпаздықтың, үлкен шығармашылықтың нәтижесінде жеткен ұстаздың aудан, облыс, республика деңreйіндегі жетістіктері айтарлықтай.

Осы атқарған еңбектерінің арқасында Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай, 5 наурыз күні Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

 ДӘУЛЕТБЕКОВА КҮЛӘЙХАН ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ

Еңбек жолын қарапайым қатардағы жұмысшы болып бас-тап, 1987 жылы жоғарғы оқу орнын біртіген соң, Қызылту ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мек­тепке тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған. 1992- 1997 жылдары аудан әкімі аппаратының бас маманы, 1997-198 жж аудан әкімі жанындағы жастар ісі, туризм, спорт бөлімінің бастығы, 1997-2001жылдары аудан әкімі ішкі саясат бөлімінің, 2001-2004 жж аудандық мәдениет және спорт бөлімінің, 2004-2008 жж аудандық ішкі сая­сат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, 2008-2012 жж. аудандық білім бөлімінің бастығы, 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде.

Ақсу аудандық мәслихаттың VІ, VII шақырылымының депутаты.

Ауданымызға сіңірген еңбегі бағаланып, Ақсу ауданының «Құрметті азаиаты» атағы берілді.

Мәліметпен бөлісу: