Аудандық мәслихат депутаттары және аппараты атынан Сіздерді «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер өз газеттеріңіз арқылы ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуы бағытында атқарылып жатқан істер барысын, аудан тұрғындарының тыныс-тіршілігін, оңды істерін насихаттауда қажырлықпен және нәтижелі қызмет атқарып келесіздер. Газетіміз барлық кезеңдерде халықпен жергілікті биліктің арасындағы дәнекер болып, оқырмандардың мінбері және көмекшілері бола білуде. Аудандық мәслихат депутаттары да Сіздер арқылы өз сайлаушыларымен тұрақты байланыста болуда. Сіздерге алдағы уақыттарда да ел игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызда үлкен шығармашылық табысқа жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Бейбіт СҮЛЕЙМЕНОВ, аудандық мәслихат хатшысы.