Мерекелеріңіз құтты болсын, ақсулық Аналар!

Ардақты Аналар, аяулы жар, әпке – қарындастар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрам қашанда әрқайсымыздың жүрегімізге жылу шашып, көңілімізді нұрға бөлейді.

Өйткені, бұл мерекеде аналардың жан  шуағы  мөлдір мейірімі жатыр. Бүгінгі күні әйелдер тәуелсіз еліміздің толыққанды мүшесі бола отырып, қоғамымыздың  экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салаларында болып жатқан күрделі өзгерістерге белсенді түрде атсалысып, өз үлестерін қосуда. Елімізде рухани келісім, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың жүзеге асуына да еңбек сіңірудесіздер. Әрбір шаңырақтың отын маздатып, береке мен бірліктің  тірегі, Отанымыздың келешегі – жас ұрпақ тәрбиелеуге жанның жылуы мен жүрегінің қызуын, бойындағы қайрат – жігерін сарқа жұмсап жүрген әйелдер қауымы қашанда нәзік жандылығын, тартымдылығын, елгезектігін жоғалтқан емес. Міне, осы үшін де Сіздерге бас иеміз. Көңілге шуақ құяр осынау көктем мерекесі күні – Ақсу өңірінің аяулы әйелдер қауымына зор денсаулық, сұлулық, мәңгілік жастық, бақыт пен гүлдей өмір тілеймін. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Отбасыларыңызда сүйіспеншілік пен түсіністік орнықсын! Ойға алған арман – мақсаттарыңыз орындалғай! Мерекелеріңіз құтты болсын, ақсулық Аналар!     

 Есім Сейілханұлы БАЗАРХАНОВ,

аудан әкімі.

 Бейбіт Жаңылысұлы СҮЛЕЙМЕНОВ,

аудандық Мәслихат хатшысы

Мәліметпен бөлісу: