Ағымдағы жылдың жыл басынан ауданда «Мерейлі отбасы» атты конкурс жарияланып «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.
Конкурстың мақсаты отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру,отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы Ақсу ауданы Жаңалық ауылынан Ғабдулиндар отбасы болып танылып облыс тарапынан бағалы сыйлықпен марапатталды.
Нұрбол Қасымбеков,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
#Qazaqstan30