Менің ақсуым

Қазіргі әлемде әйелдер қоғамда да, бизнесте де үлкен рөл атқарады. Жуырда, яғни 2 наурызда Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің және аудандық іскер әйелдер қоғамының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Ақ-Нар» мейрамханасында кәсіпкер, іскер әйелдердің қатысуымен «Менің Ақсуым» атты аудандық кәсіпкер әйелдер форумы өткізілді.

Форум жұмысына аудан әкімінің орынбасары Арман Маратұлы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сабырбаева Сәуле Майтанқызы, Ұлттык кәсіпкерлер Палатасының хатшысы Оңғарбаева Алмагүл Шегеқызы, аудандық іскер әйелдер қоғамының төрайымы Нарышева Бағлан Егеубекқызы, «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулетбекова Күләйхан Тұрсынбекқызы, аудандық мәслихат депутаты Сексембаева Раушан Қадырханқызы, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Бақыт Нұрсейітқызы, Алматы облысының  Өңірлік дамыту орталығының өкілі Шлембаев Ерал Төлегенұлы және бас менеджері Өмірбеков Алмас Өмірсерікұлы, Алматы облысының «Даму» қорының өкілі Тынышбаев  Жақсылық Бейбітұлы,  аудандық «Ақсу өңірі» газетінің бас редакторы Ләззат Қалмұхамбетқызы, ауданының әр округінің іскер кәсіпкер әйелдері, үкіметтік емес ұйымдарының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып отырды.

Ауданымыздың кәсіпкерлер санының жартысын әйел азаматтары құрайды екен. Яғни, 1937 адам немесе 49,1%. Аудан бойынша орта және шағын бизнес кәсіпорындарының 12 пайызына әйелдер басшылық жасайды. Бірақ бұған қарамастан бүгінде әйел барлық салада жұмыс істейді және де ол әлі күнге дейін отбасылық  қамқоршысы болып табылады, бұл оның өмірдегі басты мақсаты деп ойлаймын. Әйелдердің белсенді қатысуы болмаса, іскерлік те, әлеуметтік өмір де мүмкін емес. Тұрғынның бүгінде не ойлайтынын, қандай мәселелерді бірінші кезекте шешу керек және қандай ерекше қамқорлық жасау керек екенін әйел жақсы біледі. Форумды жүргізуші аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сабырбаева Сәуле Майтанқызы: – Біздің ауданда мақтана алатын және үлгі қоюға болатын көптеген әйелдер бар.

Ендеше  8 наурыз — Халықаралық Әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында, сіздерді сүйікті әйелдерді осы тамаша көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі өткізіліп отырған  іскер-кәсіпкер әйелдер форум жұмысына барлықтарыңыз бір кісідей атсалысып, өздеріңіздің ойларыңызды ортаға салып, ауданымыздағы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға өз үлестеріңізді қосады деген сенімдемін,–деп форумды ашып, аудандық «Қобызшы Молықбай» атындағы мәдениет үйінің қызметкері Ержан Траисов мерекелік ән шашу айтып, шақырылған қонақтарға гүл шоқтары табысталды. Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Қабаев Арман Маратұлы іскер әйелдерді алдағы келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Сөз кезегі Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының хатшысы Оңғарбаева Алмагүл Шегеқызына және облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салықова Римма Аджарқызына берілді. Алмагүл Шегеқызы облыстан бірге келген қонақтармен таныстырып өтті. Келесі сөз аудандық іскер әйелдер қоғамының төрайымы Нарышева Бағлан Егеубекқызына берілді. Бағлан Егеубекқызы іскер әйелдер қоғамының жылдық жоспары мен өткен жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Жас кәсіпкер Ақылбекова Гүлжан Төреханқызы, сондай – ақ, көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар кәсіпкерлер Акимова Тұрсын, Байжайлауова Шолпан және Абдырахманова Нұргүл сөз кезегін алып, өз ісін қалай бастағандығы, қандай қиындықтарға тап болғандығы және оларды қалай жеңгені туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Серікқызы осы  жылдың қаңтар айынан бастап кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгендігі туралы түсіндіріп өтті. Форумды жүргізуші, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сәуле Сабырбаева форумға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын ұйымдардың өкілдері қатысып отырғанын айтып, Алматы облысының «Даму» қорының өкілдері  Тынышбаев  Жақсылық Бейбітұлы мен Ж.Нұрғазиновқа және Алматы облысының аймақтық даму орталығының өкілі  Өмірбеков Алмас Өмірсерікұлы директорының орынбасары Шлембаев Ерал Төлегенұлына кезек берді. Мамандар кәсіпкерлікті дамыту үшін алдымен не жасау керектігі туралы толық ақпараттар мен кеңестер берді. Келесі сөз жұмыспен қамту директоры Құрманғалиева Баян  Дәулетқызына ұсынылып, аудан бойынша қанша жұмыссыз адам арнайы оқулар оқып жұмыспен қамтылғаны туралы толық айтып өтті. Сөз сөйлеген мамандар мен кәсіпкерлердің айтқан деректері слайд арқылы көпшілік алдында көрсетіліп тұрды. Мамандарға сұрақтар қойылып, «қанағаттанарлық» жауаптар қайтарылды. Хабарламалар аяқталған соң кәсіпкер әйелдерді марапаттау үшін ортаға аудан әкімінің орынбасары Қабаев Арман Маратұлы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сабырбаева Сәуле Майтанқызы, аудандық іскер әйелдер қоғамының төрайымы Нарышева Бағлан Егеубекқызы  және Ұлттык кәсіпкерлер Палатасының хатшысы Оңғарбаева Алмагүл Шегеқызы, шақырылып, бір топ аруларды марапаттады.

Облыстық Атамекен ұлттық палатасының Құрмет Грамотасымен Мырзабекова Бибігүл, Абдырахманова Нұргүл Исатайқызы, Жолдасбаева Күләш Исағалиқызы және Акимова Тұрсын апамыз ие болса, аудандық іскер әйелдер кеңесінің дипломымен және «Жылдың үздік әлеуметтік кәсіпкері» номинациясымен — Байжайлауова Шолпан Ермекқызы, «Жылдың үздік әйел жобасы» номинациясымен  — Ақылбекова Гүлжан Төреханқызы, ал, «Жылдың белсенді қоғамдық кәсіпкері» номинациясын — Нарышева Бағлан Егеубекқызына табыстады. Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын, Қазақстан – 2050 Стратегиялық бағдарламасын» жүзеге асыруға, ауданның әлеуметтік – экономикалық, саяси тұрақты дамуына елеулі еңбегіңізбен қосқан үлесіңіз үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құрметіне Сізге алғысымызды білдіреміз. Өзіңізге еліміздің тәуелсіздігін одан ары нығайтуда биік шыңдарға жетуіңізге және отбасыңызға денсаулық, амандық тілейміз! – деген аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлының  Алғыс хаттарымен  Жансүгіров ауылынан — Сауғамбаева Жарқын Әмірбекқызы, Егінсудан — Дөсербаева Гүлнара Серікбайқызы, Б.Сырттанов  ауылдық округінен — Ермұханбетова Сағадат Тілектесқызы, Қапал ауылдық округінен —  Бегаділ Алтай, Матай ауылдық округі бойынша    — Сарқытбаева Жанна Жанболатқызы, Арасан ауылдық округінің кәсіпкері — Құмарбекова Айман Құмарбекқызы, Қаракөзден —  Әлімсияева Гүлдана Сламжанқызы, Қарасу ауылдық округінен — Айчимбаева Майгүл Құдайбергенқызы, Молалы ауылдық округі бойынша — Күлшамбаева Мария Ахтанқызы, Ойтоған ауылдық округінен — Өмірбаева Венера Төлегенқызы, Есеболатов ауылдық округінен — Салиева Бақтыбала Қасымжанқызы, Ақсу ауылдық округінің кәсіпкері — Ахметова Марал Сейдахметқызы, Жаңалық ауылынан — Тергеубаева Мадина, Көшкентал ауылдық округі бойынша — Есеева Салтанат, Қызылағаш ауылдық округінен — Рабиғалиева Салтанат Маратқызы, Қарашілік ауылдық округінен – Терезенова Бақыт Барлыбекқызы, Суықсайдан — Ормашева Марал Балабекқызы, Жансүгіров ауылынан — Нүсіпова Рақыш, Сындарбекова Ағила, Қаниева Динара марапатталды.

Ербол ӘБДІКӘРІМҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: