Мемлекеттік қызметшілер адамдармен және адамдарға жұмыс істейді!

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында болып жатқан өзгерістердің мәнін әртүрлі себептерге байланысты  (негізгі қызмет бағыты бойынша  жүктеменің көптігі, еңбек өтілінің аздығы, заң білімінің жоқтығы және т.б.) толық түсіне бермейді.  Нәтижесінде, шешімдер қабылдау немесе заңмен бекітілген өз құқықтарын қорғау барысында күмәндар туындайды.

Бүгін этикалық кодексті тиімді практикалық қолдауға арналған механизмдердің бірі этика жөніндегі уәкілі лауазымы болып табылады. Хабарласқан қызметкерлер мен азаматтар мүдделер қақтығысы немесе басқа этикалық мәселелер болған жағдайда кеңес ала алады.

Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультативтік көмек көрсету әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі болып табылады.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Олжабаев Ақсу  аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызметкерлерімен семинар-жиын өткізді.

Семинарда мемлекеттік қызметтегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстардағы ағымдағы саясат бойынша әңгімелесу, мемлекеттік қызметшілерді анонимді сауалнама бойынша талдау жүргізілді, органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының қорытындылары туралы сараптамалық есептеме таныстырылды және азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді. Қоғамдағы әдеп құндылықтарын қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында бейнеролик көрсетілді.

Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік органға жиі жүгінетін үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесіп, азаматтар мен жеке кәсіпкерлер мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауда бірлесіп жұмыс атқаруды келісті.

Алматы облысының денсаулық сақтау органының қызметкерлері тарапынан мүдделер қайшылығы немесе басқа да этикалық мәселелер болған жағдайда, Сіз Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Кенжебекұлы Олжабаевқа жүгіне аласыз.

Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Байланыс мәліметтері 39-07-50 (қала коды 87282), e-mail n.olzhabaev@mz.gov.kz.

 

 

Мәліметпен бөлісу: