
Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Әдеп кодексі қабылданып, Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді. Ақсу ауданының аппаратының әкімдігінде заң талаптарына сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің лауазымдық міндеттері аппарат басшысына жүктелді.Әдеп жөніндегі уәкіл — қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары консультациялық көмек көрсету, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыру, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғаларға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну болып табылады.
Жыл басынан аудан әкімі аппараттары мен ауылдық округтерде Әдеп кодексінен, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардан туындайтын талаптар түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан жүктелген қызметтердің сапалы атқарылуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік шаралар, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөніндегі мәселелер қаралды. Қатысушыларға кеңінен түсіндіріліп, берілген сұрақтарға жауаптар берілді.
Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынамыз. Әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың хабарласуын, қабылдауға келуін ыңғайластыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдау кестесі күнделікті сағат 14:30-дан 18:30-ге дейін жүргізіледі.
Аудан әкімі аппаратының басшысы
әдеп жөніндегі уәкіл Б.Ермуханбетов