Мемлекеттік қызметке – 20 жыл

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, осыдан 20 жыл бұрын мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде құрылған болатын. Ал 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күшіне енді. Аталған заң республиканың азаматтарын мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігін конституцияда көзделген құқықтарын жүзеге асыруда маңызды фактор болып есептеледі. Сондай – ақ, Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырады. Осы жолда бүгінде алынбаған асу, жасалмаған жұмыстар қатары аз. Атқарылған істердің дерлігі маңызды әрі қуантарлық күйде екені айтпасада белгілі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері аталған салада бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды. Мемлекеттік қызметшілерге саяси рефорлармен жүктелген міндеттерін кәсіби дең­­гейде атқарып, еліміздің тә­­уелсіз, де­мо­­кра­тиялық егеменді мем­лекетке айналуына үлкен септіктерін тигізді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық құжатында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өтті. Көрсетілген жұмысты жалғастыру мақсатында ең біріншіден барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін жоғарғы деңгейде арттыру қажет. Өйткені елеміздің өркендеуі мен дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштігіне, патриоттық сезіміне және білімі мен біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті де талап ететіні тағы бар. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер болса, ал мемлекеттік қыметтің мәртебесі мен биік беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты, қос ұғым екені айдан анық. Осы тұста, Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір ант қабылдаған мемлекеттік қызметші осы қағиданы берік ұстанып, ұмытпауы тиіс. Ел игілігі үшін халық қамын ойлап, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін, маңызды міндетін көрсетеді. Ендеше, өз елін сүйіп, халқын ардақтап, құрметтеген мемлекеттік қызметшілері бар елдің ертеңі айқын, болашағы жарқын, келешегі келмел, ертеңі үшін алаңдамауға да болады.

 

Ақсу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің басшысы 

Серпербаев.Н.С

 

Мәліметпен бөлісу: