Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру ортақ — міндет

Ақсу ауданында мемлекетік қызметтің 46 түрін, оның ішінде 6 құрылымдық бөлім және 17 ауылдық округ әкімдіктері көрсетеді.
2024 жылы Ақсу ауданында жалпы мемлекеттік мекемелерінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны — 2323. Оның ішінде:
Қағаз түрінде 295 (12,70%).
Электрондық түрде — 1983 (85,36%).
Мемлекеттік корпорация (Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы 45 (1,94%).
​Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Qyzmet-Live» жобасы жүзеге асырылуда. Аудан әкімінің өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері белгіленген кестеге сәйкес аудан әкімдігінің инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып тұрады, барлығы 2024 жылы – 26 тікелей эфир ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына атқарылған жұмыстарымен эфир барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Аудандық мемлекеттік мекемелерде 85 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» құрылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді әрі ыңғайлы түрде алу мүмкіндігі жасалды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны-98, қамтылған адам саны -5304. Сонымен қатар аудандық газетке 20 мақала жарияланды. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметтерді насихаттау жөнінде 5 бейнеролик түсіріліп, 2 инфографика әзірленді. Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша мемлекеттік қызметшілерге дөңгелек үстел, онлайн семинар өткізілді.
​Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар орындалып, өз жалғасын табатын болады.

Мәліметпен бөлісу: