Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

БІЗДІҢ МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ

Ақсу ауданы бойынша 2020 жылда мемлекеттік қызметтері

туралы атқарылған жұмыстар

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты тірегі, оның алға қойған мақсаттары мен саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Дамыған мемлекет тек қана тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде құрылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі ұзақ қалыптасу жолынан өтті.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асы­ру, цифрландыру мәселелерін айқындап өткен болатын. Бұл бағытта облыста және ау­дан деңгейінде бірқатар іс- шаралар жүргізілуде. Ауданда тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің 99 түрі көрсетіледі.

Жалпы 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 14478. Портал арқылы өтініш тапсыру азаматқа оның өзінің жеке кабинет арқылы қарау мерзімдерін бақылауға, өтініш орындаушысы туралы мәліметтерге үйден шықпай- ақ, қол жеткізуге мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, ау­дан бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде оң динамика байқалады. Яғни, 2019 жылы электронды түрде 134 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2020 жылы 1339 қызмет көрсетілген немесе 10 есе артқан.

Сонымен қатар 2019 жылы қағаз түрінде 1966 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2020 жылы 227 қызмет көрсетіліп, яғни, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер 11 есе­ге азайған. Яғни, бұл көрсеткіш азаматтарымыздың цифрлық дағдыларымен қатар құқықтық сауаттылығы өте жоғарғы екендігі куәландырады. Аталған нәтижелердің өсуі, аудан бой­ынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған 85 дана өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмысын атқарады, аталған бұрыштар арқылы есептік кезеңде 2878 мемлекеттік қызмет көрсетілді. С

Сондай-ақ, тұрақты түрде халықтың цифрлық сауаттылығын артты­ру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында (13 мақала, 26 іс-шара семинар, 12 жәрмеңке, 10 видеоролик, еріктілер тобы­мен 17 ауылдық округте наси­хат жұмыстары жүргізіліп келеді және 1 бейнеролик, “Жетісу” телеарнасына шыққан материал­дарын қосқанда, ауылдық округ­те мемлекеттік қызметтерді элек­тронды түрде алуға арналған тиматикасына (бильбордтар ілінген) аталған іс-шараларды, шамамен 20 мың адам қамтыды. Сонымен қатар, электрондық форматта “EGOV” электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу ту­ралы үгіт – насихат материалда­ры әлеуметтік желілерге жария­лануда. Аудан орталығындағы Жансүгіров ауылында Сервистік әкімдікте халыққа 49-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Есептік кезеңде 2000-нан аса әртүрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Есептік кезеңде Сервистік әкімдіктің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылар өз бетінше 1632 әртүрлі қызмет түрін алды. Нәтижесі түсінікті, халықтың цифрлық сауаттылығы күн сай­ын өсіп келе жатқаны байқалады. Үкімет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет болу» тұжырымдамасының аясында 11 мекеме басшылары (фейс­бук желісі арқылы) тікелей эфирге шығып, халықтың сау­алдарына жауаптарын берді. Шешілмей қалған сұрақ жоқ. Аудан әкімінің аппараты Ішкі бақылау қызметімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау қағидаларына және 2020 жылға бекітілген жоспарларға сәйкес, 12 айда, бақылау тексе­ру іс-шараларымен 11 бақылау объектісі қамтылды. Нәтижесінде 1 мекемеге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде орын алған заң бұзушлықтың негізінде (ескерту) тәртіптік жауапкершілігі қолданылды. Осымен қатар аудан әкімінің атына, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ММ-сі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы ММ-сі қызметтеріне қатысты шағым қаралып, дәлелдер расталған соң, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ММ-сінің, меке­ме басшысына мемлекеттік қызметтерді негізсіз көрсетуден бас тартқандығы үшін аудан әкімінің өкіміне сәйкес, тәртіптік жаза, сөгіс жарияланды. Бұдан бөлек, аудан әкімінің өкіміне сәйкес, аудандық мәслихат де­путаты, сондай-ақ, мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Мониторинг то­бымен мемлекеттік ұйымға бару арқылы, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, ереже­лер мен ыңғайлылықты сақтау бойынша 3 мекеме қаралып тиісті нұсқаулықтар берілді. Соның бірі – аудандық Кірістер басқарамасы. Қазіргі таңда пан­дус стандартқа сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды. Аудандық мемлекеттік мекемелерінің жұмысы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұдайы на­зарында, яғни, жыл басынан қоғамдық кеңес отырыстарын­да аудандық 3 мемлекеттік қызметтерді көрсететін меке­ме атқарылған жұмыстарының нәтижелері тыңдалды. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша мекемелер атқарылған жұмыстарына оң баға берілді. «Nur Otan» саяси партиясының партиялық бақылау кеңес отырысында, бөлімшенің 12 айда атқарған жұмысының есебі тыңдалып, нәтижесі “қанағаттанарлық” деген баға берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ (облыс көрсеткіші). Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тар­ту саны, барлығы – 19, оның ішінде электрондық түрде – 19, негізсіз бас тарту тіркелген жоқ. (Тұрғын үй кезегіне, кезекке тұру) мемлекеттік қызметі түрі бойынша.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үздіксіз жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады. Бұл сала тек қана мемлекеттік органдардың қатысуын ғана емес, бар­ша тұрғындарымыздың белсенділігін қажет етеді.

Сәкен ЖҰМАБЕКОВ,

Ақсу ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: