Мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
- Көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
- Иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;
- Ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжат,
Көрсетілген құжаттарды портал арқылы да өткізуге болады. Өтініш көшірмесінде құжат-тар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны өтініштің қабылданғанын растау болып табылады, ал портал арқылы құжаттарды өткізу – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
- Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі;
- Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға, қауіпсіздік қағидаларға сәйкес келмеуі;
3.Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсаттың болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде);
2.Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру».
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1.Көрсетілетін қызмет алушы қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде, тірі жануарлардың карантиннен өтуіне күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
2.Көрсетілетін қызмет алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.».
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
Қызмет берушінің жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға аралығы.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алушының өткізетін құжаттар тізбесі:
- Экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде әкелу орны бойынша – өтініш;
- Жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды өнім (материал) импортталған кезде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);
Осы қызмет түрін мемлекеттік корпорация және портал арқылы да алуға болады. Өтініш көшірмесінде – құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі, кеңседе тіркеу туралы белгі қойылғаны өтініштің қабылданғанын растау болып табылады. Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
- Өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
- Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуы;
3.Көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметтертер көрсету мәселелері бойынша лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:
Шағым тиісті көрсетілетін қызмет берушінің басшысының атына жазбаша усынылады, шағымда -жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекен- жайы; заңды тұлғаның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке қызмет алушы қол қоюы тиіс. Шағым қызмет берушінің мекен-жайы бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда, немесе кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.
Келешекте жеке және заңда тұлғаларға — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринария бақылау және қадағалау комитетінің хабарламасына сай, жоғарыда көрсетілетін қызмет түрлерлері алда тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру үшін берілетін өтініштер халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) және электронды өкімет веб – порталдары арқылы жүргізілетін болады. Өзгерістер ағымды жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.
Осы қызмет түрлері бойынша қажетті ақпаратты мына мекен-жай бойынша «aksurti@mail.ru», немесе 2-00-33,2-01-73 телефондар арқылы алуға болады.
Е. Аубакиров,
ҚР АШМ ВБжҚК Ақсу аудандық
аумақтық инспекциясының бас маманы.