«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік мекемелердің алдындағы басты мақсаты»

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Бүгінгі күнде барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық жағдай ұйымдастырылған. Әрбір мемлекеттік қызметкер мемлекеттік билігтің өкілі болған соң, қазақ тілін жетік меңгеру қажет».

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында барлық ұлттың тілі мен мәдениетін дамытуға кеңінен жағдай жасалған. Мемлекеттік тілді дамыту – әрбір азаматтың парызы және міндеті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Осыған орай мемлекеттік мекемелердің  алдына мемлекеттік тілдің қолданылуын ары қарай дамыту жөнінде міндет қойылды және біз осы міндетті орындауға тиіспіз.

                                                Ақсу аудандық сотының бас маманы

Н.Жазылбекова

Мәліметпен бөлісу: