Мейірім мен шапағат мейрамы

 Қазан айының соңғы жексенбісі — әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні. Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Со­дан да болар, бізде әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде. Осы мерекеге байланысты аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты шара болып өтті. Аталмыш шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы әлеуметтік сала қызметкерлерінің Үкіметтің отбасылық құндылықтарды дамыту және қорғау бағытында жүргізіп отырған саясаты мен оның нақты жемісін қарапайым халыққа жеткізудегі маңызы ерекше екендігін айтып, қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмай­тын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс. Аман — сау болыңыздар, өздеріңіз жүректерінде сенім отын жаққан жандардың да ғұмыры ұзақ, өмірі шуақты болсын,-деп әлеуметтік сала қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет Грамоталарын табыстап, ауданның дамуына өнегелі еңбегі мен елеулі үлес қосып жүрген жандарға өз алғысын білдірді.

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: