Халқымыздың бірлігі мен тұтастығын сақтау саясатын және сот жүйесінде медиация институтын дамыту, дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтының қолдану аясын кеңейту мақсатында қолданыстағы бітімгершілік рәсімдерді дамыту – дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табы- лады. Сот ақпараттарына кеңінен қолжетімділікті, даулардың сотқа дейінгі және соттан тысқары реттеу институтын дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, медиативтік қызметті алға бастыруды, халық арасын- да медиаторлардың беделін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық құқық қорғау орталығы, Жетісу облы- сы өкімімен, өңірдің Кәсіподақ орталығымен, облыстың бизнес — құрылымдары өкілдерімен, «Атамекен» ӨКП меморандум- дар жасалған. Меморандум негізінде өзара ынтымақтастық, кәсіпкерлік субъектілер мен қоғамды әлеуметтік сауықтыру арасында іскерлік, серіктестік қатынасты сақтау болып та- былатын құқықтық дауларды (жанжалдарды) шешудің бала- малы тәсілі ретінде татуласты- ру рәсімін жаппай тарату және белсенді қолдану мәселелері арқау болады.
Халқымыз үшін медиация институты жат емес. Бұрыңғы заманда туындаған кез — келген дау-дамайлар билер мен ақсақалдар арқылы шешілген. Барлық аталып жатқан ісшаралардың түбегейлі мақсаты – асылында халықтың қамы үшін, азаматтарымыздың заңды мүдделері толыққанды, жан-жақты қорғалып және жұртшылығымыздың сотқа деген сенімін асқақтату болып саналады. Осы жобалар және бағдарламалар қоғам мен мемлекеттік органдар арасында өзара тиімді байланыс орнатуға, ел-жұртқа құқықтық қызмет көрсету жолындағы олқылық пен кемшіліктерді жоюға бағытталған.
Ж.ЗАРЫҚПАЕВА,
аудандық сотының судьясы.
АДАМ ЖӘНЕ ЗАҢ