Медиация – дауды шешудің балама түрі

Медиация – кез-келген даулы мәселені бітімгершілікпен шешу. Бұл қазіргі сот жүйесіне өте қажетті жолдардың бірі. Бұдан соттың да, сатталулы мен саттасушының да жұмысы жеңілдейді. Дұрыс қолдана білсе, екі тарап та ерікті түрде бір мәмлеге келеді. Тіпті Елбасының өзі де халыққа жариялаған 100 нақты қадамның 26, 33 қадамдарында осыны атап өтті.

Медиацияға жүгінсе, дауласушылардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс демей, оның алтын ортасын іздейді, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын  шешім табылады. Түптеп айтқанда, медиация әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгілікті жолы деуге болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 40 % медиация рәсімінен өтеді., олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатыматын азаматтық, еңбек, отбасылықжәне өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай- ақ онша ауыр емес және ауырлаға орташа қылмыстар туралы істер ибойынша қылмыстық сот ісін барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Өркениетті дейтін шет елдердің тәжірибесі дауларды медиатордың қатысуымен реттеу көп жағдайда екі тараптың келісімге келуімен аяқталатынын көрсетеді. Бұл даулаушы тараптардың санын азайтады. Бізге керегі де осы.Алайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын болса, оған бұл заңның рәсімі қолданылмайды.Сондай- ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды. Өйткені, медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол мжеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған, 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді.

Медиация институты қазаққа жат емес.

Медиацияны көп жағдайда алаш жұртында орын алған ежелгі билер сотымен салыстырады.  Оған себеп –медиация бітімгершілік пен ымыраластыққа бағытталған. Заңның жалпы сипаты мен тұжырымдамасы да қазақтың ықылым заманнан қолданып келе жатырған билер сотының үлгісі.

Медиация туралы  заң күшіне енгелі осы заң туралы сот саласы қызметкерлерімен қарапайым халық арасында жан- жақты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Жеке азаматтар мен жалпы қоғам үшін маңызы жоғары бұл істі жүргізу барысында медиаторлар тараптардан, мемлекеттік органдардан және өзге де лауазымды, жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.

Оның қызметіне нақтырақ тоқталатын болсақ, қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.

Негізінен, біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек.Ол үшін еліміздегі әр азаматтың құқығы қорғалып, заңдылықтар сақталуы керек» дегенді үнемі айтады. Осыған байланысты мамандар мұндай мәміле алаңдары біз үшін қажет дүние екенін баса айтып отыр. Жалпы медиацияның маңызы:

Біріншіден, соттарға түскен істердің санын азайтады.

Екіншіден , қоғамды бірлестірудің маңызы артады. Екі тарапты да қанағаттандырып, бітім айту азаматтық қарым- қатынасты нығайтады.

Үшіншіден, ерікті медиаторлар өз білімдерін арттыру арқылы заңдық сауаттылығы тереңдей түседі. Осы арқылы олар қарапайым халыққа түсіндіру жұмыстарын қарапайым тілде жеткізе алатын болады. Бұдан шығатын қорытынды – заңның нормалары, талаптары халықтың арасында түсінікті бола бастайды.

Абзалында, қазақ халқы үшін бітімгершіліктің жаттығы жоқ екенін ескерсек, бұл жобаның да өміршең боларына сенеміз. Тоқсан рулы елдің дауын тоқсан ауыз сөздің түйінімен шешкен қазаққа медиатор ұғымы да сіңісіп кетері анық. Ендеше, медиаторларды осы тәжірибені іске асыруда барынша шынайы, әділ болуға шақырамыз. Медиаторлар мәміле алаңында әділ болса, ол да қоғам үшін пайдалы болары анық.

 

 

 

Ақсу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі С.Иманжанова

Мәліметпен бөлісу: