Мақсаттарға жету үшін бірлік болу керек!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақстандықтарға арнаған Жолдауы әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Жолдауда еліміздің келешегі әлеуметтік-экономикалық даму бағыты және саяси реформалар айқындалды. Президент өз сөзінде «Біз «Азамат-бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады»-деді. Халық үшін денсаулық, білім, кәсібилік пен еңбекқорлық ең жоғары орында болатындығы баса айтылды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы жалғасын таба береді. Осы алдыға қойған мақсаттарға жету үшін бірлік болу керек.

Күләйхан Дәулетбекова,

«AMANAT» партиясы Ақсу аудандық

филиалының атқарушы хатшысы.

Мәліметпен бөлісу: