
Жекпе — жек ұрыстарының түрлері көп. Солардың бірі мәрт жігіттер өнері — каратэ. Спорттың бұл түрімен айналысатын жасөспірімдер баршылық. Жақында Алматы қаласында «WKF Каратэден» жасөспірімдер арасында ашық чемпионат өтті. Оған біздің аудан орталығындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» жас каратэшілері қатысып барған жеті спортшының екеі І орын, біреуі ІІ орын, ал қалған төртеуі ІІІ орынды қанжығалап қайтты. Яғни, барлығы да жүлделі орындармен оралды.
Атап айтқанда Сержан Нурали — 25 келі салмақта ІІІ орын, одан жоғарырақ 30 келеде Жанболат Батырхан ІІІ орын, осы салмақта Болатбек Мирас — жүлделі І орын алса, Мақсатұлы Рамазан ІІ орынды иеленді. Тағы бір жеңімпазымыз Төлеубек Мирас — 40 келе салмақта өнер көрсетіп, көрермендер көзайымына айналып жүлделі І орынға шықты. 45 келеде жарысқа түскен Жұмабек Ержанат ІІІ орын алса, арасындағы жалғыз қызымыз Алтынай Тоқтарғали 50 келе салмақта сайысқа түсіп жүлделі ІІІ орынға көтерілді. Жаттықтырушысы «Каратэ додан», «қара белбеу», ІІ дан иегері Исаев Айдын Төлеубекұлы.
Жастарымыздың болашағы алдында. Жеткен жеңістері жеңіске ұласып, әлемнің түкпір — түкпірінде ойналатын осы спорт түрінен биіктерден көріне берсін дейміз. Осы спорттың бір түрі «Таэквандоның» шебері Мұстафа Өзтүрік сияқты әлемді мойындататын қазақстандық қазақтар көп бола берсін.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.