Еліміздің Конституциялық сипатында басты — басты төрт белгі бар. Ата Заңымыздың 1 — бабы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп басталды. Осы төрт сипаттың біреуі — біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет екендігі. Әлеуметтік мемлекет сипаты бүгінгі әлемде өте көкейкесті. Бұл бағытқа көп көңіл бөлетін мемлекеттер өсіп-өркендеп отыр. Әлеуметтік мәселелерге тиісінше көңіл бөлінгендіктен мемлекет экономикалық өсіп- өркендей түсіп, қоғамдық тұрақтылық та жақсы сақталады.
Біздің ойымызша, қазіргі уақытта еліміздің дамуында кейбір ойландыратын жағдайлар бар. Мәселен, соның ішінде халықтың материалдық тұрғыдан әлеуметтік жіктелісінің күшейе түсуі анық байқалады.
«Байлар мен кедейлер кез — келген мемлекетте болады. Әлеуметтік жағынан ең дамыған мемлекеттердің өзінде де ондай айырмашылық бар. Бірақ, ондай айырмашылықтың ара — жігі тым үлкен болмауы керек. Ара — жік тым үлкейіп кеткен кезде әлеуметтік теңсіздік күшейеді. Соған байланысты көңіл толмаушылық та өршиді. Ал жалпы әлеуметтік әділеттілік — әлеуметтік мемлекеттің басты белгілерінің бірі. Әлеуметтік әділеттілік әлеуметтік мүмкіндіктердің теңдігін алып келеді. Ал, мүмкіндіктер теңдігі әділеттілікке бастайды. Әлеуметтік теңдік болмайынша толық мағынасындағы қоғамдағы тұрақтылық, яғни, саяси тұрақтылық та болмайды. Демек, Еліміздің Тұңғыш Президенті бастаған 5 әлеуметтік бастамасы өте алыстан ойластырылған, мемлекеттің болашағын тереңдікпен қарастырған қадам деп қарауымыз керек.
Аталмыш бес бастама арқылы әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға үлкен мүмкіндік ашып отыр.
Осы бастаманы ары қарай дамытып, жалғастырғанын Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформаларынан анық көруге болады. Жалпы елдегі саяси болсын, экономикалық болсын реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, халықтың ә л е у м ет т і к — э к о н о м и к а л ы қ жағдайын жақсартуға, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқаны белгілі.
Гүлдана ЕРБАТЫРОВА,
Текелі қалалық сотының жетекші маманы.