Н.Ә.Назарбаев «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»,-деп атап көрсеткен болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның- азаматтық парызы. . Бұрын мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан шеттетіліп,жұмыспен де қамтылмай қалатын. Қазір мұндай жандарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету шаралары белгіленіп отыр. Жыл санап оларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды
Бүгінде осындай жандар арасынан небір дарын иелері , өнер иелері, кәсіпкерлер мен тігіншілер, әншілер мен саяси қызметкерлердің шығып жатқанын бәрімізге мәлім.
6 желтоқсан күні мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Молықбай» мәдениет үйінде облыстық байқаудың аймақтың кезеңі өтті. Жобаға 18-45 жас аралығындағы дарынды азаматтар қатысты. Іріктеу кезінде байқаудың әділқазы мүшелері мен аудан, қала әкімдігі мәселенің шешу жолдарын қарастырып, азаматтардың өзара келелі мәселелерін анықтады.. Бизнесті бастау және оны қалай құру бойынша бизнес – сабақтар беріп, сауаттылығын арттырды. Байқауға қатысушылардың бірқатары өз қолдарымен жасаған ағаш, тоқыма, квилинг бұйымдарынан, тәтті тоқаштардан көрме ұйымдастырса, енді біреулері ән және терме айтып, өнерлерін ортаға салды. Аталмыш облыстық жобаның авторы журналист, қоғам белсендісі, қазылар алқасының төрағасы Ахмедиева Алия Қасымханқызының айтуынша жобаның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы дарындыларды анықтап, олар өндіретін өнімді нарыққа шығару. Осылайша аталған азаматтарға қолдау білдіре отырып, оларға қоғамда өздерінің кәсібін жүргізе алатындай бағыт-бағдар беру. Көрермендер өз кезегінде дарынды жандардың іскерлік ұмтылыстарына қошемет пен қолдау білдіріп, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жеткен оларға сүйіспеншіліктерін жасырмады.
Байқауға Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарынан Алтынбеков Дидар, Ахметов Сәбит, Дүйсенұлы Ермұхамбет, Бекенова Айгүл, Тасболат Айбол, Жәмеш Бауыржан сынды бірнеше өнерлі жандар байқауға қатысып бақ сынасты. «Өмірге келмегенде қайтер едік»,-деп жырлайтындай, мүмкіндіктерінің шектеулі болғанына қарамастан қоғамның белсенді мүшесі екендіктерін танытып, бойдағы шеберліктерін көрсетуге талпынған байқауға қатысушылардың өнерлерін бағалап, барлығын арнайы дип- ломдармен, сыйлықтармен марапаттады.
Назым НҰРТАЙҚЫЗЫ.