ТАПТЫРеспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Жетісу облысының ауылдары мен елдімекендерін қамтыды.

Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының маңындағы өзен сулары, Көксу ауданы аумағындағы Қарасу, Быжы өзендерінің маңын тұрмыстық қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары және жастардан 200 астам адам атсалысты. Бұл күні өзен жағалауы 3 тонна күл-қоқыстан тазартылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алғаннан бері облыс тұрғындары, волонтерлер, жастар ұйымдары, медициналық және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, сонымен қатар, өңір спортшылары мен өнерпаздары – жалпы 103 мыңнан астам адам атсалысып, 803 техника жұмылдырылды. Экологиялық акциялар нәтижесінде 4 875 тонна қоқыс шығарылды. Облыс аумағында жалпы 29 514 түп ағаш отырғызылды.