
Ең ұлық мерекеміз — Республика күнімен баршаңызды тағы бір рет шын жүректен құттықтаймын. Тарих биігінен қарасақ, бұл Декларация сол кезде саяси құжат болып табылса да, Қазақстан халқының толық егемендікке қол жеткізуінің негізі, бастамасы болды!
Сондықтан да, қазанның 25-ші жұлдызының Ұлттық мереке санатында болуын үлкен қуанышпен қабылдадық. Енді 25 қазан еліміздің ең ұлық мерекесі, тәуелсіздігіміздің бастауы, ұлтымыз үшін үлкен мақтанышпен тойланатын күн болмақ. Ия,1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Жоғарғы кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны қабылдады, ол қазақ халқының және Қазақстанды «Отаным» деп санаған әрбір азаматтың көкейінен шыққан тарихи құжат болғаны белгілі.
17 баптан тұратын Декларациямыз: Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Жоғарғы Советi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшiн лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, Республикада тұратын халықтарды топтас- тыру мен олардың достығын нығайтуды бiрiншi дәрежелi мiндет деп санайотырып, Жалпыға бiрдейадам праволары декларациясын және ұлттардың өзiн — өзi еркiн билеу правосын тани отырып, ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҰҒЫНА ОТЫРЫП, iзгiлiктi демократиялық праволық мемлекеттi құруға бел байлауды негiзге ала отырып, Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының мемлекеттiк егемендiгiн жариялайды және осы Декларацияны қабылдайды, — деп басталды.
Сонымен қатар, «Декларация Одақтық шарт жасау, Қазақ ССР-інің жаңа Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың статусын жүзеге асыратын заң актілерін әзірлеу үшін негіз болып табылады», — деген жолдары мемлекет Конституциясы мен заңдарының пәрменділігіне кепілдік берді.
Ләззат СҮЛЕЙМЕН,
жерлесіміз, Парламент Сенатының депутаты.