ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ- ҰЛТ ТАРИХЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Біз ұлы дәуірге дөп келіп отырмыз, байырғы қазақ даласында бұрын болмаған серпіліспен болашақты бетке алған ұлы көшпен үдіре алға тартып келеді. Сан алуан өмір өзгешеліктері, техникамен медианың үздіксіз дамуы, таным мен санадағы жаңғырулар, толағай тоғсулар мәдениет пен әдебиеттің дамуына кең өріс ашып ұлттық болмысымыздың қайталай жаңғыруына серпін беріп отыр. Ұлы дала тарихы бізге шексіз дарқандығын, ең сүбелі сиын тарту етумен бірге, дәуір жүгін арқалаған біз жастарды сұрапыл сын — сайыстарға, тың бәсекеге шақыруда. Ұлы даланың жеті қырында, ұлт тарихындағы дәуірлердің сан қилы өзгерісін, қазыргі кезеңдегі адамдардың рухани сұранысы мен сананы жаңғыртатын арынды да ынталы замана жастары тасқындаған шабытқа, жаңашыл рухқа бай болуымыз керек. Елбасының ұлы даланың жеті қыры мақаласы, рухани жаңғыру бағдарламасының дамуындағы жалғасын табатын ғасырлық ұлы жоба. Ұлт тарихының жаңғыруы, ауыз әдебиетіндегі дала фальклоры, қазақ даласындағы өркениет, аң стилі және Қазақстан — күллі түркі жұртының қасиетті мекені екендлігін, сондай — ақ, ұлы даланың ұлы тұлғаларын байқау жәнеде қазақтың бір қанаты ән, бір қанаты ат. Атқа мінсе аруақтанып кететін қазақ ұлты тіршілігінің ұласпалы бір көрнісі атқа міну өнері болып табылмақ.                   Ұзақ тарихи даму барысында қалыптасқан және үздіксіз кемелденген дәстүрлі мәдениет формасы. Ол ұлы даланың тарихы, мәдениеті, салт — санасы қазақ ұлтының қазірге дейін сараланып, сары майдай сақталып келген асыл мұрасы. Ұлы даланың жеті қыры- ұлт тарихының жаңғыруындағы өскелең өміршеңдікке толы жаңғыру деп ойлаймын.

 Алима ШАПИЫҚ, Арасан ауылдық кітапханашысы, «Нұр Отан» БПҰ-ның мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: