Елбасымыз Н.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әр адамның көңілінде жүрген ойлары дөп басып айтылғандай. Әсіресе осы мақаланың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бөлімінде бұрынғы ата-бабаларымыздың өмір сүруі, салт-дәстүрлері, мәдениеті анық түрде көрсетілген.
Қазақ десек ойымызға жылқы оралады. Ол енді жылқы туралы ойласақ есімізге алдымен қазақ ұлты түседі. Қазақ пен жылқы ажырамас ұғым сияқты. Қазақ балалық кезінен атқа мінуге үйренген. Ашамайға мінбеген бала мықты жауынгер бола алмсайды. Қазақ ойын сауығын да тойлаған, атқа мініп елін-жерін де қорғаған, сондықтан қазақ пен ат ажырамас ұғым. Ежелгі Отырарға қазба жұмыстары жүргізілгенде темір рудасын қорытатын орындар табылған. Қазақтар алтын-күмістен бұрын өздеріне темір қажеттірек екенін білген.Шебер ұсталар алдымен темірден қару жарақтар жасаған, ол қару жарақты елін-жерін жаудан қорғау үшін пайдаланған. Қазақ өзінің ауыз әдебиетімен қатар, әнші, жыршы, термеші, болған. Сол сиақты сал-серілер әр ауылдырда елдің жырын жырлаған. Сонымен қатар саятшылықтыда жасаған олар түрлі аң, құстарды қолға үйретіп, онымен аң аулап, құс іліп, тазы жүгіртіп сән-салтанат құрған. Сонау алпысыншы жылдары Есік қорғанынан табылған алтын адамның бойындағы әшекейлерде аң стильі жиі пайдаланылғандығы ата-бабаларымыз ұлы даланың рухын жете түсінгендей. Түркі әлемінің бесігі саналатын Түркістан қаласы ежелгі қалалардың бірегейі болып осы күнге дейін аман жеткен жалғы рухани астанамыз. Осы қалада әйгілі Ақсақ Темір салдырған Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қазақ руханиятының бесігі іспетті. Ұлы жібек жолы десек ойымызға маң-маң басқан түйелер елестейді. Осы бір жануардың көмегімен ата-бабамыз сонау қытай елінен жібек маталар мен басқада бағалыбұйымдарды батысқа, ал батыстан алынған бұйымдарды қытайға дейін тасымалдап сатқан. Сол жолдың арқасында қазақ даласы күллі мәдениеттер тоғысқан киелі мекенге айналып отыр. Қазіргі таңда сол жібек жолының жалғасы ретінде заман талабына сай батыс еуропа-батыс қытай авто магистралы іске қосылған. Қазақ даласында ежелгі дәуірден алма мен қызғалдақтар табиғи түрде өсіп, қазақтың кең даласына толық таралған. Бұл екі өсімдік қазақ даласының, ұлтының символына айналған. Ос ы кезде әр үйдің бақшасында алма ағашы мен қызғалдақтар жайқалып өседі.
Арасан ауылдық мәдениет үйінің директоры Смағұлов.С