Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын — құнды дүние деп есептеймін. Елбасымыз осы бір мақаласында қазақ халқының тарихы, мәдениеті ұлттық құндылықтарымыз жайында айтып отыр. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт бөліміне тоқталатын болсақ, сонау алтын адамнан бастап, бергі атқа міну мәдениетіне дейін қамтылып, толықтай жазылған деуге болады.
Ал, тарих сананы жаңғырту бөлімінде ұлттық болмысымызды сақтап қалу, өсіп келе жатқан жас буындарды ұлттық тәлім — тәрбиемен сусындату керектігі жөнінде жазған, бұл мақала бір тарихи сөздік іспеттес қазақ халқының тарихы салт дәстүрі жинақталған. Әрине, қазақ халқының тарихын салт дәстүрін бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Елбасымыздың ұшқыр ойы жас-тарды төл тарихын ұмытпауға барынша қадірлеуге шақырады, сөз соңында Елбасымыз «Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар», — деп ұлт үшін жаралған азамат деп мақаланы қорытындылады.
Елбасымыз өз сөздерінде халықты бірлікке, ынтымаққа шақыруда. «Бірлік бар жерде, тірлік бар». Жаңғырған әлемге рухани сеніммен нақты қадам басайық,- демекпін.
Мерей ЖАБЫҚБАЙ,
«Кеңғарын орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс — қағаз жүргізушісі.