25 қазан – Республика күні. Біраз жыл мерекелер ізімінен алынып қалған ең алғашқы елдігіміздің мерекесі қайта тойланатыны барлығымызды қуантты. Республика күні мен Тәуелсіздік күнінің айырмашылығы қандай? Біреуі ұлттық мереке, ал, біреуі мемлекеттік мереке болып белгіленді. Бірақ екеуінің мақсаты бір. Тәуелсіздік, азаттық, еркіндік, бостандық, азаматық — деген жанымызға жақын сөздердің басында егемендік деген ұлы сөз бар. Біз егемен, тәуелсіз Қазақстанның азат, еркін азаматымыз.
Республика күні мерекесін жаңғырту өте дұрыс қадам болды. Өйткені, егемендіксіз тәуелсіздік те болмас еді, Бабаларымыз бағзы заманнан армандаған осы күнге оңай жеттік пе? Тар жол, тайғақ кешуге тап болса да, теңдіктің туын көкке көтерген қазақ, сан ғасырлар бойы азаттықты аңсап өтті. Ереуіл атқа ер салып, елім деп өткен есіл ерлердің ерлік жолдары бүгінде тарихтың қалың беттерінде хаттаулы. Олардың соқтықпалы соқпақтарда сынбаған сағы, езілмеген еңсесі өскелең ұрпаққа өлмес өнеге. Сол өнеге бүгінгі жастарға қуат беруі керек. Ал олар қуатты болу үшін ұлттық тәрбие басты назарда болса игі.
Кезіде осы күнді аңсап, соғысқан, аудан орталығының шыңыс жақ кіре берісіндегі айналма жола ескерткіші тұрған Бөрібай батырымыздан бастап, бері келе атақты «Бөрібай көтерілісі», одан бері Алаш қайраткерлері, солақай саясаттың құрбаны болған, Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Барлыбек Сырттанов, одан бері келе Республика бойынша құрылған «Азат» қоғамының Ақсу ауданы бойынша филиалының мүшелеінің бірі Жамау Бұхарбаев сынды сол үшін қан төккен, жан берген, тер төккен, кешегі Желтоқсан көтерілісіне қатысқан, ауданымызда есімдері аталмай жүрген азаматтарымыз осы Тәуелсіздікті аңсағандығын мақтанышпен жас ұрпақтың бойына сіңіретін күн. Енді азаттықты аңсаудың еш қажеттігі жоқ. Біз Тәуелсіз елміз. Сондықтан ешкімнің алдап, арбауына,ілеспей осы Тәуклсіздігімізді нақты ұстап қалу барлығымыздың парызымыз.
Тәуелсіздік қай елдің болмасын басты игілігі. Баға жетпес құндылығы да сол! Ендеше біздің де тәуелсіздігіміз баянды болу үшін оны бастауы – Респуб-лика күні де ерекше маңызға ие болуы шарт. Әрине, алдымен оны жастарымыз ұғынуы керек. Ұлттық рухты көтеретін мереке деңгейіне көтерлісе құба-құп болар еді.
Сапарғали ТЕМІРБЕКОВ,
қоғамдық тілші.