Жақында Қаскелең қаласының Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ардагерлер мен әжелер алқасы бірігіп «Ұлттық құндылықтар ұрпақтар сабақтыстығынан» атты іс-шара ұйымдастырды. Ал, мерекелік кешті Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова ашты.
Іс-шара барысында Қаскелең қаласының және басқа да ауылдық округтердің өкілдері өздерінің барлық өнерлерін көрсетіп, сайысқа түсті. Онда біреулері тілге, дәстүрімізге қатысты ән айтып, би билесе, бірі мақал-мәтелдер оқыды. Сонымен қатар, басқалары ұлттық құндылықтар жайлы көріністе көрсетті.
Іс-шара соңында, барлық қатысушыларға, яғни, Қаскелең қаласының және басқа ауылдық округтердің ардагерлері мен әжелер алқасының мүшелеріне Алғыс хат табысталды.