Қазақтың жалпақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдеріне ортақ шаңырақ, жайлы қоныс болып табылады. Сол ұлы шаңырақтың мәңгілік шайқалмай, керегесі кең, уығы тік, іргесі берік болуы үшін Елбасымыз 1995 жылдың наурыз айында дүние жүзіне үлгі боларлық ұстанымы, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – «Қазақстан халықтары Ассамблеясын» құрды. Сол себепті еліміздің барлық өңірлерінде 1 мамыр бірлік күні тойланады.
Мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен ұлыстардың бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Еліміздің байтақ даласын мекен етіп жатқан әр ұлт өкілдерінің еркін өмір сүруіне, өздерінің салттық әдеп-ғұрыптарын еркін насихаттап, өз ана тілінде білім нәрімен еркін сусындауына мүмкіндік беру.
Жыл сайын атаулы мерекені Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақ астына жиналып, өздерінің тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын паш етіп дүбірлете тойлайды.
Осы бір ел ертеңін баянды ететін өнегелі дәстүрді дүбірлетіп, Арасан ауылдық округінде Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекеленді.
Мерекелік шараға округіміздегі барлық мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Орталық алаңға үстілеріне түрлі-түсті әр ұлт өкілдерінің киімдерін киген оқушылар аумақты күндей жайнатып, гүлдей құлпыртып жіберді. Ары қарайғы сцнарий бойынша әр сыныптар рет-ретімен сахнаға шығып, әр ұлттың дәстүріне сай киінген киімдерімен түрлі жанрдағы (әр ұлттың билері, әндері, күйлері,) өнерлерін көпшілікке паш етіп, жұртшілықты риза етті.
Осындай елді бірлік пен берекеге, татулық пен тұрақтылыққа, бауырмалдық пен сыиластыққа шақыратын іс-шаралар ауылымызда бір мезеттік емес тұрақты түрде өз жалғасын тауып келеді.
Арасан ауылдық округі әкімшілігінің маманы, Арасан БПҰ мүшесі Сейтқазы Ержан