ҰЛТ ҰСТАЗЫ — АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Ахмет Байтұрсынұлы – халқымыздың біртуар перзенті, ұлт – азаттық қозғалыстың көсемі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Алаш ардақтысы – қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи тұлға.

Ахмет атамыздың ұлылығын мойындамау – сүтті қараға теңеумен пара – пар. Ақын есіміне неліктен ұлт ұстазы мәртебесін қосамыз? Себебі, қандай қиын — қыстау жағдайға тап болса да ұлт мүддесін, серіктерінешқашан сатпаған, адамгершілік – азаматтық бағытынан ауытқымаған. Ұлтымыздың ғылымын, мәдениет, әдебиетін жаңа биік деңгейге көтерген нар тұлға.

Тіл үшін шырылдаған  азамат қалың қазақтың мұңын жүрегімен сезініп, ой ұшқырлығымен еңсерді. Қазақтың сауатын ашуды көздеген, кеңестіктер қанша қинаса да, қамауға алса да төзіп, өлеңдерін жазуды тоқтатпаған. Өз елін сынай оты­ра білімге шақырған. Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жа­сына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз де­неге жан бітірген осы «Қазақ» газеті болған.

Бар жақсыны, бар тәттіні ұрпақтарым көрсін деп өмір бойы күш салды.

Қорытындылай келе, біз Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған барлық мұраны бағалайтынымызды жеткізгім келеді. Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы дегеннен биік, жоғары мәртебеге лайық деп есептеймін. Ұлт ұстазының әр сөзі бізге – өнеге.

Жұлдызай ТІЛЕКТЕСОВА,

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясының 10 «А»-сынып оқушысы.

Мәліметпен бөлісу: