
«М.Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — ел тағдыры» атты салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының төрағасы Е.Базарханов баяндама жасады. Елбасы, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағлымы» мақаласында «Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас — қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу. Мұндайға тек рухы күшті, бірлігі бекем жұрт қана қол жеткізе алады»,-деп атап көрсетті.
Жиында «Nur Otan» партиясы қатарына өткен Қ.Б.Төрехан, М.К.Жұмағұл, Е.Ж.Жұмагелдин, А.Б.Құланбаева партиялық билет тапсырды және 2021 жыл 19 қарашадағы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының №17 Қаулысына сәйкес «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен Республикалық «Отан» қоғамдық бірлестігі кәсіптік – техникалық оқу орталығы Ақсу аудандық филиалының директоры, Ақсу аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.А.Мұсабалановқа, «Nur Otan» партиясының «Құрмет Грамотасы» «Жаңалық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Мұсановқа Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаеваның Алғыс хатын Н.Қ.Айнақұлова, А.С.Досмұхаметов, С.А.Қызайбаев, З.Досымбекқызы, Г.Н.Абилмажиновалар алды. Аудандық партия филиалы төрағасы, аудан әкімі Е.С.Базархановтың Алғыс хаттарымен Д.М.Маңғытбаева, С.Т.Жұмағұлова, Р.Көкежанова, Н.Аманжол, К.А.Балабатырова, М.К.Нүсіпова, М.Өмірсейіт марапатталды.
Жиында Ақсу аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі, «Ақын Сара» бастауыш партия ұйымының мүшесі Ш.Нуруллаев, аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі А. Каденов құттықтау сөз сөйледі.
Жангүл ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,
аудандық партия филиалының эксперті.