
Жақында 25 шіле күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Аудан әкімдігінің мәжілісі болды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Құсмолдин Серік Әділбекұлы жүргізді. Жиналыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
1. Ауданның 2021 – 2022 жылғы күзгі – қысқы жылыту маусымының қорытындысы және 2022- 2023 жылдарға күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы.
2. Аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы туралы.
3. Ауданда «COVID – 19» ауруына қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы.
Бірінші мәселе бойынша ауданның тұрғын үй, коммунал- дық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үйинспекциясы бөлімінің бас маманы Асхат Рахманов, екінші мәселе бойынша – ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерлан Әбілхамит, үшінші мәселе туралы орталық аудандық ауруханасының директоры – Салтанат Мықтыбаева хабарлама жасады.
Алғашқы болып сөз алған А.Рахманов ауданда бюджеттік сұйық және қатты отынмен жылытылатын жалпы – 141 нысан, оның ішінде 86 қазандықтар қатты отынмен, 55 қазандықтар сұйық отынмен жылынатынын айтып, аудан әкімінің 2022 жылғы 20 маусымдағы №196 Қаулысы негізінде 2022 — 2023 жылдардағы күзгі – қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Баяндама барысында әр сала бойынша кеңінен тоқталып, білім саласы, мәдениет саласы және спорт саласы бойынша қысқы дайындық жұмыстары толық орындалғанын айтты. Тек әзірге алдыға баспайтұрған денсаулық саласы екенін ашып айтты.
Сондай- ақ, мекеме — ұйымдар отырған ғимараттар мемлекеттік сатып алу конкурсына берілгенін. кейбір мекемелер толық орындағанын тілге тиек етті.
Жеке сектордың көмірмен қамтылуы туралы айтқанда, ауданның 49 елді — мекенінде 8740 тұрғын үйбар. Қажетті көмір көлемі 44 741 тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге 5250 тонна қатты отын жеткізілді немесе 11,7 пайыз жеткізілді. (аудан бойынша бүгінгі күнге 10 жүк көлігі тасмалдап жүр). Қатты отынның бағасы аудан бойынша 20000 — 22000 теңге екендігі сөз болды.
Ауыл тұрғындары арасында көмірді жаз мезгілінде алуды әдетке айналдыруды насихаттау мақсатында аудандық «Ақсу өңірі» газеті және әлеуметтік желілер арқылы жүріп жатыр,- деді. Аудандағы коммуналдық меншіктегі 5 көп қабатты тұрғын үйлерді қатты отынмен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды қолға алынған. Мәселен, 700 тонна көмір керек болса, оның 600 тоннасы мемлекет тарапынан субсидияланатынын айтып, жылыту қазандықтарын ауыстыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.
Екінші кезекте Е.Әбілхамит әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін ауданда апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілетінін, онда біздің ғана емес көршілес аудандардың тауар өндірушілері де төмен бағамен өнімдер сататынын айтты.
Аудан әкімінің өкімімен Ақсу ауданында бағалар мен тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыс тобы құрылған.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтан- дыру мақсатында ауданда апта сайын бағаларға мониторинг және оларды тежеу бойынша бірқатар іс — шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сауда кәсіпорындарымен ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша меморандумдар жасалған екен.
Барлық ауылдық округтерде әлеуметтік азық — түлік сататын әлеуметтік сөрелер бар, сондай- ақ аудан орталығында бірінші қажеттіліктегі азық — түлік тізіміне сәйкес аз қамтылған отбасыларды тегін қамтамасыз ету үшін 3 әлеуметтік сауда сөрелері құрылғанын айтты.
Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшерін енгізді: сатушының маржасы өндірушінің босату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспауы тиіс екенін ескерткен.
Үшінші мәселе бойынша аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері С.Мықтыбаева сөз алып, қазіргі таңда карантин кезеңі біраз тынышталса да, әлі вирустық инфекцияны жұқтыру қаупі барын ашып айтты. Аурудың қайта үдеуінің алдын алу мақсатында бетперде режимін нақты қолға алу керектігін ескертті. Сондай- ақ, вакцина алу, ревакцина жасату жұмыстарын әлі жалғастыруымыз керектігін айтып, осы мәселе бойынша басқа аудандармен салыстырғанда ең соңғы орында тұрғанымызды жасырмады.
Осы мәселе бойынша аудан әкінің орынбасары Есжанов Ғазиз отарбайұлы нақты тапсырмалар берді. Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
Ербол СЫМХАНОВ.